Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4787 0 пікір 6 Тамыз, 2014 сағат 19:04

Президент бей-берекет базарларды жабуды тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев ұйымдастырылмаған базарлардың бәрін жабуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Үкіметтің Ақордада өтіп жатқан кеңейтілген отырысына сілтеме жасап.

"Көлеңкедегі экономика - бюджетке қаражат түсірудің үлкен қоры. Қазақстанда жүздеген мың базардың бақыланбайтынын айта аламын. Санитарлық талаптарға сай емес. Ол жерлерде неше түрлі берекетсіздік болып жатады. Біздің бизнесмендер пайдалы істі өз қолдарына ала алмай ма? Жабық, ұйымдасқан сауда орталықтарын тұрғызу керек. Әкімдер бұл үшін жерді жылдам беруі тиіс. Оларды еркін экономикалық аймаққа қосып, салықтан босату қажет, ұымдастырылмаған базарлардың бәрін жабу керек", - деген Мемлекет басшысы сөзін Қаржы министріне қарта. Президент мұндай жағдайда базар саудагерлерінің жапа шекпеуі керектігін атап өтті.

"Олар жаңа орталықтарға көшуі тиіс. Оның қалай жасалып жатқанын көріп отырмыз. Алматы, Шымкент, Астана қалаларында, басқа облыстарда белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ бей-берекет базарлар әлі де көп. Қаржы қазынадан тыс кетіп жатыр, ол жерлерде қылмыс та, басқасы да бар. Қазір не істеліп жатыр?" - деп сұрады Назарбаев Бақыт Сұлтановтан.

"Көлеңкедегі экономиканы азайту жоспары шеңберінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Сіздің тапсырмаңызбен тиісті заң жобасы жасалды", - деді Сұлтанов. Назарбаев сарапшылардың Қазақстанда қаржының 20-дан 30%-ға дейін көлеңкеде қалатыны туралы мәліметін келтірді. "Бұл - үлкен резерв", - деді Назарбаев.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377