Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4598 0 пікір 29 Шілде, 2014 сағат 12:48

Тимур Бекмамбетовтің жаңа фильмінің әлемдік премьерасы өтті

Әйгілі «Шырша» фильмін дүниеге әкелген продюсер Тимур Бекмамбетов пен режиссер Лео Габриадзенің «Cybernatural» фильмінің әлемдік премьерасы Канада Монреалдағы «Fantasia» кинофестивалінде өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Қорқынышты жанрда түсірілген фильмнің сюжеті бойынша өліп қалған қыз Skype арқылы өзінің сыныптастарымен сөйлесе бастайды. Ондағы барлық әрекеттер компьютер экранында жүзеге асады.

«Біз осы фильм арқылы қазіргі қоғамдағы өзекті тақырып - кибертерроризмді ашып көрсетуге тырыстық. Ол ғаламтор желісі арқылы бүкіл әлемге таралуда. Мәселен, қазіргі жасөспірімдердің ғаламтор арқылы жасырын түрде өз қатарластарын үрейге бөлеуі - адамды қорқытудың бір ғана қарапайым түрі», - дейді фильм режиссоры.

CYBERNATURAL_FINISH_MASTER_72dpi(1)

Әзірге фильмнің халықаралық прокатқа қандай атпен шығатыны белгісіз.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321