Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5138 0 пікір 25 Шілде, 2014 сағат 13:26

Украина таяу арада АҚШ-пен әскери одақтас болудан үмітті

"АҚШ таяу күндері Украинаға НАТО-ға мүше емес, артықшылықты серіктес мәртебесін беруі мүмкін" деп хабарлайды Tengrinews.kz 

 Бұл туралы УҚҚ сыртқы барлау басқарамасының бұрынғы басшысы Николай Маломужа мәлімдеген. "Қазір біз барлық операцияларды жүргізіп жатқан кезде, ол көмек келе бастайды, оның ішінде әскери көмек те. Ол кішкене кештеу келеді" дейді ол. Вашингтондағы дерек көзіне сілтеме жасаған Маломужа "АҚШ Сенаты мен Конгресі бұл шешімді қолдап отыр, енді таяу күндері шешім қабылданатын болады" деп атап өтті.

Бұл мәртебе Украинаға әскери қару-жарақ пен қорғаныс кешендерін сатып алуға және жалға алу үшін АҚШ-тан кеңейтілген қаржылай көмек алуға мүмкіндік береді. Одан өзге Украина АҚШ қорғаныс жүйесін сатып алу туралы баз бір келісімдерге қатысу құқығына ие болады. Маломужаның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта НАТО-ға мүше емес, артықшылықты серіктес мәртебесіне 15 ел ие. Олардың қатарында Ауғанстан, Аргентина, Оңтүстік Корея, Таиланд, Австралия, Австрия және Жапония елдері бар

Aбай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322