Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2901 0 пікір 5 Мамыр, 2010 сағат 06:02

Мәжіліс шағын авиацияның дамуына жағдай жасайтын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 5 мамыр. ҚазТАГ - ҚР парламентінің мәжілісі сәрсенбі күні кеңейтілген отырысында «ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Құжатта жеңіл және аса жеңіл ұшақтарды бақыланбайтын төменгі әуе кеңістігінде пайдалана беруге рұқсат беру қарастырылған.

Заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов «жеңіл және аса жеңіл ұшақтарды пайдалану ескерту негізінде жүргізіліп, аэронавигациялық салықтан босатылады», - деді.

Оның айтуынша, жеңіл және аса жеңіл ұшақ иелері үшін сертификаттау процедурасын алып тастау ұсынылған. Олар үшін тіркелгені туралы куәлік, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы куәлік пен ұшқыш куәлігі болса жеткілікті.

Сонымен қатар, аймақтық аэроклубтарды дамыту жоспарланып отыр. Олар жеке ұшақтардың бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшуы барысында құтқару-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыруға жауап беретін болады.

Министр заң жобасына енгізілген нормаларға сәйкес, жолаушылар мен жүк тасымалын ұйымдастырумен айналысатын заңды тұлғалар әуе компаниялар деп аталатынын нақтылады. Тұрақты ұшу сапарларын жүзеге асыратын әуе компанияларының резерв ұшақтары, сондай-ақ, кірісті есептемегенде, кем дегенде бір айлық шығынды өтей алатын қаржысы болуы тиіс. Әуе кемелері бар басқа азаматтар пайдаланушылар деп аталады. Осылайша, республикадағы әуе компанияларының саны 53-тен 15-20-ға дейін қысқарады делініп отыр.

Түзетулер жобасында Қазақстанда әуе тасымалы қызметін көрсететін шетелдік әуе компанияларын жолаушыларға қызмет көрсеткенде мемлекеттік тілді пайдалану аясын кеңейтуге міндеттеу қарастырылған.

Сондай-ақ, мәжіліс заңнамаға ілеспе түзетулерді де мақұлдады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366