Сенбі, 23 Қараша 2024
Дат 7761 0 пікір 10 Шілде, 2014 сағат 17:04

ҚОРЛАНҒАНДАР МЕН ЗОРЛАНҒАНДАР "ЖАҢАЛЫҚ" ПА?

«7» арнаның  жаңалықтарынан тараған бір ақпарат әлеуметтік желілерді шарлап жүр. Тақырып: «Оңтүстік Қазақстанда нағашысы жиенін жеті жыл бойы зорлап келген» деп аталыпты. Мақсат Жақсыбайұлы есімді «7» арна журналисінің хабарлауынша, 33 жастағы жігіт жетім қалған жиенін 6 жасынан бастап зорлап келген  көрінеді...

Жалпы, соңғы кездері адам естіп құлағынан безетін, көріп көзі ұялатын осындай «сенсациялар» қаптап кетті. 33 жастағы оңбағанның ісін ақтаудан аулақпыз, бірақ, одан қорлық көрген жетім қыздың күні «7» арнаның әлгі  «сенсациясынан» кейін қалай  болады? Тағдыры қалай қалыптасады? Осыны бір сәт ойланып көрсек қайтеді?  Адамның жан-дүниесін  жарадар ететін жаманат хабарларды  жарияға жар салу, ары тапталған адамның есімін «алақайлап» атау қаншалықты қисынды? Ондай «жаңалықтар» кімге, не үшін қажет? Әлде, болғанды болған күйінде жұртқа жеткізіп, қоғамның қоясын ақтарып отырған дұрыс па? Сіз не дейсіз, құрметті оқырман!

Ой бөлісіп, пікір қосыңыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402