Ұлттық мұражайдың Орталық Азияда теңдесі жоқ
2014 жылғы 2 шілдеде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін ашты. Бұл салтанатқа ҚР Мәдениет министрі А. Мұхамедиұлы және әлемдік жетекші музейлердің басшылары мен өкілдері қатысты.
Қазақстан Президенті: «Ұлттық музей ғылыми және рухани орталыққа айналады, біздің Қазақстан жолының барлық ілгері жетістіктерін танытады», - деп мәлімдеді.
Америка университеті жанындағы Катцен атындағы Өнер орталығының (АҚШ, Колумбия округі, Вашингтон) директоры Джон Расмуссен де ҚР Ұлттық музейі туралы пікірімен бөлісті: «Бәрінен бұрын Ұлттық музей – бұл бірегей сәулет туындысы. Оған жақындаған кезіңде, ол саған керемет әсер береді. Әрі десе кез-келген маман оның аумағы мен әлеуетіне қызығады. Музейдің келешегі зор – бұл жерде дамуға мүмкіншілік беретін қаншама кеңістік бар. Музейде ең жаңа заманауи көрме технологиялары қолданылады. Интерактивті экрандар, мониторлар –осылардың барлығы өте жақсы жасалған »
2014 жылғы 3 шілдедеРесей этнографиялық музейімен және Ресей мемлекеттік «РОСИЗО» музей-көрме орталығымен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. «Орталық Азия мен Кавказдағы тоқыма өнері– Ұлы Жібек жолы мұрасы» (РЭМ, Санкт-Петербург) және «Орыс кескіндемесінің 4 ғасыры»(«РОСИЗО» Москва қ.) көрмелеріекі музейдің алғашқы бірлескен жобалары болып отыр. Көрмелер қыркүйек айына дейін созылады.
Кешкісін музейдің барлық келушілеріне «Ұлы Жібек жолымен саяхат» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Музей ғимаратында Түркістан, Сауран, Испиджаб, Тараз, Сығанақ, Ақ мешіт, Отырар, Суяб сияқты Жібек жолы өткен Қазақстандағы ортағасырлық қалаларға орын бөлініп, ол жерлерде көңіл көтеретін әрі танымдық іс-шаралары ұйымдастырылды.
Музейге келушілер ҚР қол өнер шеберелері одағы ұйымдастырған суретшілер мен қолөнер шеберлерінің сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік-сыныптары мен жәрмеңкесін (зергерлік бұйымдар, кілем тоқу, киіз басу және т.б.) тамашалады. Қазақстандық сәнгерлер ұлттық нақыштағы сәнді киімүлгілерін көрсетті. Үлкендер мен балалар ұлттық ойындарға, ұлттық тағамдар мен сусындардан дәм татуға бар ықыластарымен қатысты. Домбыра әуендерінің кеші ұйымдастырылды.
Музейге,6 шілдені қоса алғанда, сағат 10.00-18.00-ге дейін еркін кіруге болады ( соңғы экскурция 17.15-те басталады). Қош келдіңіздер!
Абай-ақпарат