Жұма, 22 Қараша 2024
Қорған 10658 0 пікір 30 Маусым, 2014 сағат 09:39

ОРАЗАНЫҢ ПАЙДАСЫ

Қасиетті Рамазан айының оразасы хижраның он тоғызыншы айында Шағбан айының оныншы күні Бәдір соғысынан бір ай бұрын Мәдинада парыз болды. Оразаның парыз етілуін Алла тағала қасиетті Құранда: «Әй мүміндер! Сендерге бұрыңғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді...» аяты арқылы негіздеді [Бақара сүресі 183].

Рамазан сөзінің мағынасы «жану» дегенді білдіреді. Себебі бұл айда тәубаға келген әрбір мұсылманның күнәлары жанып, жоқ болады. Рамазан оразасы тек таң атқаннан күн батқанға дейінгі аралықта ішіп-жеуден тыйылу ғана емес. Сонымен бірге нәпсісіне тұсау салып жаман әдеттерден арылатын ай. Нәпсінің кісенделіп, тек қана жақсылықтың қақпалары ашылады. Себебі Хз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде : «Рамазан айы келгенде жәннәт есіктері ашылып, тозақ есіктері құлыпталады және шайтан шынжырлармен байланып тасталады»,-деген. Мұсылмандар бұл қасиетті айда тек ашығудың ғана емес рухани тұрғыдан да кемелденеді.

Ораза мұсылмандар үшін түрлі жаман әдеттерден, теріс ойлардан қорғайтын қорған. Бұл айдың шарапатынан Алла тағаланы мадақтап түрлі зікірлер айтып, қасиетті Құранды оқу және онымен сұхбатта болуы қоғамда бір рухани атмосфера қалыптасуына әсер етеді. Қоғамдық қатынастар нығаюының нәтижесінде мұсылмандардың бір–бірлеріне деген сүйспеншіліктері артады. Мейірім шапағатқа толы айда хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Көршісі аш бола тұра өзі тойып жүрген мұсылман бізден емес»,- деп тек мұсылмандарға ғана емес жалпы адамзатқа қайырымдылық жасауды үндеген.

Рухани кемелдену айында адамзат рухани жағынан да толықтыру үшін ораза ұстауы тиіс. Хз Мәулана «Ораза ауыз бекіткенімен қоса,  көкірек көзінің ашылуы»,-деген. Себебі адамның көкірек көзінің ашылуы арқылы ақиқатты таный бастайды.

Оразаның физикалық формасы бұл нәпсіні тәрбиелеп, рухани кемелденудің бір құрал болса, оразаны үш түрлі сатысы яғни, біріншісі рух оразасы - түрлі жамандықтарға деген құштарлықтардан ұзақ тұру және барына қанағат ету, екіншісі ақыл оразасы - тәкәппарлық пен менмендіктен айғу болса, үшіншісі нәпсінің оразасы - жеп-ішіуден және жыныстық қатынастардан аулақ болу.  Осы міндеттерді орындаған мұсылманның рух көзі ашылып оның физикалық күші жетпеген халдерге жетуіне мүмкіндік алады.  Егерде оразаны тек ішіп жеуден ғана арылу үшін ғана ұстаса оның аштығы қалады. Мұндай жағдайда осы қасиетті айда жасалған ғибадаттар әсерсіз болады.

Оразаның үш дәрежесі болады: әуелгісі жай қарапайым адамдардың оразасы  таң атқаннан күн батқанға дейін асқазанды ішіп-жеуден сақтау, одан кейінгісі қаууас оразасы яғни, құлақ, көз, тіл, қол, аяқ және басқа да ағзаларын күнәлі істерден сақтау. Ақас ул Қаууас оразасы  жүрегін дүние істерінен аулақ ұстап, Аллаһты жад ету. Аллаһтан басқа нәрселерді жүрегінен аулақ ұстап тек Жаратқанға зікір айту. Оның берген рызық нәсібіне қанағат етіп, өзің ашкөздік пен қызғаншықтық секілді жаман әдеттерден аулақ ұстау. Бұл мәртебеге тек пайғамбарлар мен салих амал (ізгі амал) жасайтын сыддықтарға тән.

Қаууас оразасы тек салихтардың оразасы. Бұл оразаның  артықшылығы адам өзінің ағзаларын түрлді күнәлардан сақтау болып саналады: 1. Көзін әдепсіз жаман нәрселерден қорғап, жүрегін тек Аллаһты зікір етуге ғана арнау. Бөгде ойларды араластырмау. Хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Арам нәрселерге қарау ол – шайтанның зәрлі оқтарының бірі. Кімде-кім Аллаһтан қорқып одан өзін аулақ ұстаса Аллаһ ол адамға мейіріммен қарайды»,- деп бұйырған. Жабир, Әнәстен (р.а.) хз. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с): «Өтірік пен ғайбат айту, жалған куәлік ету, адамдар арасында іріткі салу және нәпсісіне ие болмау осы бес нәрсе оразаны бұзатын істер»,- деген хадисті жеткізген. 2. Жаман сөздерден, ғайбат сөйлеуден, өсек айтудан, адамдар арасында іріткі салудан, артық сөздер айтудан, басқалармен ұрысу және ерегісуден сақтау тілдің оразасы болып саналады. Хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ғайбат айту оразаны бұзатын іс», «Ораза мұсылман үшін қалқан. Ораза ұстағандар жаман сөз айтпасын, дауласпасын. Біреу оны балағаттаса немесе онымен жанжалдасса, ол: «Мен оразамын»,-десін»,-деп өсиет еткен. 3. Құлақты жаман сөздерді естуден сақтаудың өзі ораза. Арам сөздерді естудің өзі арам болып саналады. Аллаһ тағала Құранда: «Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер...» (Мәида 42), «.. оларды күнәлі сөздерінен, арам жеулерінен тиса еді. Әрине олардың істегендері неткен жаман.» (Мәида 63),-деген келтірген аяттарынан ғайбат жаман сөздерінен қарсы пікір білдірмеудің өзі арам. Себебі тағы бір аятта: «...олармен бірге отырмаңдар; әйтпесе сендерде солар секілді боласыңдар.» (Ниса 140),-деп бұйырған. Сонымен бірге хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ғайбат айтқандар мен оны тыңдағандарға да күнә ортақ болады.»-деген. 4. Басқа да ағзаларды мәселен, аяқ, қол секілді дене мүшелерінде жаман істерден қорғау ол да оразаның бір түрі. 5. Ауызашарда тамақты тоя жеуге рұхсат етілгенімен одан өзін сәл де болса тиғаны абзал. Себебі тойынған соң адамның нәпсісі күшейіп артық шайтанның арбауына түсіп қалуы ғажап емес. 6. Ауызашардан кейін Аллаһ оразасын қабыл етіп, онымен жақын болғаны үшін қуанып, я, болмаса Аллаһтың азабына ұшырап қалмауды еске түсірген халде үміт пен қорқыныш арасында болу. Мұсылмандар барлық ғибадаттардың соңында да осындай жағдайда болуы керек. Себебі үміт пен қорқыныш  әрбір пенденің  күнделікті өмірдегі істерін реттеп отыратын орта жол болып саналады. Оның өмірінің мәні, жолдан адастырмайтын бағдар шамы.

Осындай өлшемдермен оразаны ұстаған мұсылманның ғибадаты ең жоғарғы дәрежедгі ғибадат болып саналады. Адам өзінің жаратушысына құлшылық еткенде оның қайтарымы бар немесе мен осынша ғибадат еттім оның сауабы мұнша болуы керек десе бұл оның Аллаһпен есептескені болады.  Ал, егерде шын ықыласынмен құлшылық еткен адамға жәннәттің өзі ғашық болып, тозақ ұялатындай дәрежеде болады. Бұл туралы Рабиятул Әдауия анамыз: «Жаратқаным мен сенің жәннәтіңнен үміт етіп, болмаса азабыңнан қорқып ғибадат етсем мені жәннәттән мақрұм етіп, тозағыңмен азапта. Маған сенін жәннәтіңде, тозағында керек емес. Менің мақсатым сенің разылығынды тауып, дидарыңды көру»,-деп Аллаһқа деген өзінің шексіз махаббатын ұлықтап, оған деген ғибадаттың ең жоғарғы шыңын көрсеткен.

Қандайда бір құлшылық болсын ниетке байланысты қабыл болады. Себебі хз. Пайғамбарымыз: «Амалдардың барлығы ниетке байланысты»,-деген хадисінде. Олай болса біздің осы қасиетті Рамазан айындағы жасалған құлшылығымызда ниетімізге байланысты мың құлшылыққа пара-пар болады екен. Ислам дінінің ішкі мазмұны алтын өзегі оның - рухани тәрбиесі. Кім қандай ғибадат жасамасын оны шын көңілмен, айнымас сеніммен жасауы тиіс. Ондай болмаған күнде біздің жасаған құлшылығымыздан еш пайда болмайтыны хақ. Бұл туралы Шәкәрім атамыз:

«Таспық сәлде, жайнамаз

Тастамайсың қыс пен жаз.

Жүрегін болса тайғақ саз,

Сопысынып қылма наз.»,-

деп сыртқы бейнедегі құлшылықтың көз алдау екенін осылай тамаша суреттеп берген. Аллаһ барша мұсылмандардың ғибадаттарын қабыл етіп, иман байлығын берсін. Әрбір жасаған құлшылығымызды Аллаһтың құзырында осындай биік дәрежеде орындауға ұмтылайық. Рамазан айы баршамызға құтты болсын. Аллаһ әрбір отбасыға берекет бірлік берсін!

ТАҢЖАРЫҚ ТҰРҒАНҚҰЛОВ

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321