Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5792 0 пікір 24 Маусым, 2014 сағат 09:03

ЕУРООДАҚ ҚЫРЫМ ИМПОРТЫНА ТЫЙЫМ САЛДЫ

Украинадағы жағдайға байланысты Еуроодақ елдеріне Қырымнан енетін импорт тауарларға тыйым салынды. Tengrinews.kz-тің хабарлауынша бұл туралы Литваның Сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс мәлім еткен. Қырым тауарын Еуропаға импорттауға 25 маусымнан бастап тыйым салынбақ. Дегенмен «Қырым Республикасы» басшысының кеңесшісі Рустам Темиргалиев бұл еуропалық санкциялардың отандық өндірушілерге аса әсері болмайтынын айтуда. "Қырымның арақ-шарап және ауыл шаруашылығы өнімдеріне Ресейде сұраныс жоғары. Ал химиялық кәсіпорындардың өнімдеріне Қытай мен Үндістанда сұраныс бар" - дейді ол.

Сондай-ақ, Еуроодақ санкция салынған тұлғалардың тізімін қайта толықтырды. Қазір санкциялық тізімге Ресейдің және Украинаның 61 азаматы еніп отыр. Бұл азаматтарға Еуроодақ аумағына енуге тыйым салынды. Бұған қоса еуропалықтар Қырымның мұнай және мұнай өнімдерін өңдеуші екі кәсіпорынына санкция енгізді. Олар "Қара теңіз мұнай-газ" кәсіпорыны мен "Феодосий мұнай өнімдерін өңдеуші" кәсіпорыны.

Еске сала кетсек,  биылғы 23 сәуірде Еуроодақ еркін сауда айналымын құру мақсатында Украинаның ауыл шаруашылығы өнімдеріне бірқатар кедендік баж салығын алып тастаған болатын. Бұл шешім 1 қарашаға дейін жалғасын таппақ.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1092
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 764
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730