Дәурен Қуат. Алаштың жауы Алман ба?
Путин-Медведев тандемі билік құрып тұрған бүгінгі Ресейде тағы да Сталин дейтін жиырмасыншы ғасырдың басына зобалаң тудырған тиран ұлықталып жатыр. Ата-бабасын, асыл тегін, ұлт лидерлерін аяусыз асып, атып, аштан қырған, жалпақ жердің бетінен жарты халқын жоқ қылған Сталинге, сталиншлідікке құлдық ұру бәсекесінен қағынан айнып туған осы күнгі қазақ та қалысар емес. Аға ұрпаққа бұл арада айып тағудан аулақпыз. Олар үшін Сталин соғыс тәңірі, әділет пайғамбары, тағысын тағылар.
Саналасынан айрылып сансырап қалған жұрттың кәрісі бұдан әрі ештеңені де ойлай алмайды. Бірақ, біз, кейінгі орта буын ойлануымыз керек еді. Тым құрығанда тәуелсіздік туы қолымызға тиген тұста халық жадын жаңғыртып азат ойларға жетелеуіміз керек еді. Удай өкінішімізге қарай, олай етуге ерік-жігеріміз жетер емес. Қайта керісінше баяғы қанды соқпаққа қайта түсіп алып жүре бергенді жөн көретініміз күннен күнге байқала бастады. Естеріңізде болар, өткенде ғана Білім және ғылым министрі Түймебаев дейтін түйедей жігітіміз ТМД көлемінен оқу-ағарту саласының басшыларын жиып алып «СССР педагогтарының ілгеріде өтіп тұрған дәстүрлі құрылтайын жалғастырайық» деген еді ғой.

Байқайсыз ба, бүгінде кім ресейшіл, кім ТМД-ның көңілсіз отырыстарында Ресейге жағаттап сөйлейді - сол Қазақстандағы билікте ұзағырақ отырады. Топқа енбей томпиып жүргендер төңірегінен тоқпақ көре бастаса бітті Ресеймен бірлескен бірдеме ұйымдастырып шыға келеді. Содан кейін оны лауазымды қызметінен ысырып көр... Соның кері көрінісі: бізде кім қазақстандық жоба іздеп, мемлекетшілдік бағыт ұстанады - сол жолдан таяды.
Жә, бұның бәрі басқа әңгіме. Алайда тақырыбымызға жанама болса да қатысты әңгіме.
Қатыстылығы Путин-Медведев тандемі не ойлап, нені құндақтаулы құнды дүнием деп білсе, біздегі ел билеп отырған есерлер соны пұт көріп табынуда. Сөзімізге дәйек, Путин РФ-нің екі тізгін, бір шылбырын қолына алысымен Сталин мифін қайта тірілтіп еді, Қазақстанда Совет дәуіріне шұғыл бет бұрып шұрқырай жөнелді. КСРО заманындағы қанмен жуылған мерекелердің Қазастанда тойлануы қалыпты көрінісін тапты. Мәселенки, міне, 9 мамыр! Бұл күн - «Ұлы Жеңіс күні» екен. Мамырдың 9-ы Ұлы Жеңіс күні екенін біздің ұрпақ мектеп жасынан жаттап өсті. Ал тәуелсіздік ұрпағы ше? Олар да 9 мамырды Ұлы Жеңіс күні деп тануы керек пе? Ертең Тәуелсіз, еркін елдің(?) ұланы өркениетті әм шын мағанасында ұлы неміс еліне барып білімін жалғастырса, достар тапса... не дейді? «Сендер, алмандар фашистердің ұрпағысыңдар. Біздің батыр аталарымыз сендердің қанқұйлы қарақшы аталарыңды қырып салған» дей ме қандайда бір ретпен кәрі тарих жөнінде сұхбаттаса қалса... Өйткені Түймебаевтың шақыруымен шалқалай келген құрметті қонақтың ең ұлығы - РФ Білім және ғылым министрі Фурсенко дейтін жас ұрпаққа бұрынғы тарихымызды қайтадан оқытуымыз керек деді еш шімірікпестен. Бұл дегеніңіз - Алтын Орда тарихына еселеп соққы беру, Мамай ханды мазақ ету, Куликова шайқасын аспандатып, Александр Невскийді Еуразия кеңістігіне «ақсақалды ата» жасау. Ермакты ер деп дәріптеп, қазақ хандарын жалаңаш ерге мінгізу (айтпақшы оның мүсіні жасалып та үлгерді. Астанада күресінге күрелген Жәнібек пен Керей ескерткішінің жаңа жобасы бекітіліп, Керей хан Қозыбас тауының бір шошақ төбесінде жалаңаш ердің үстіне қонжиыпты. Құдды Қозыбаста қозы бағып отырған бала сияқты. Қойшағара Салғараұлы деген ғұлама тарихшымыздың дегеніне сенсек, бұрынғы хандарда тақ болмаған екен).
Біз осылайша есімізден адасып, екі етек боп жүргенде азат ойлы Ресей журналистері басқа басқа тап Сталинге табынудың сұмдықтығын әшкерелеуге кірісті. Бұлай деуімізге себеп, ілгеріде Польшада жарық көріп, Ресейге ұралынып енді ғана ене бастаған қарт қаламгер Юрий Боревтің «Сталиниада» атты кітабы тәуелсіз басылымдарда жап-жақсы «жарнамаланып» жатқан көрінеді.
Юрий Борисұлы Борев - Сталин заманының куәгері. Қарт қаламгер. Оқумен ағарған зиялы отбасында дүние есігін ашып, өзі де сақи жандардың сапында жетілсе керек. Инженер. Қаламгерлікті кейінірек кәсіп еткен секілді. Жасы 85-те. Біздің сексен бес жасты ұрып тастаған ең қадірлі (ақын, жазушы) қарттарымыздың қайсібіріне Сталин туралы кейінгі буынның «керкеткен» көзқарасын айта қойыңызшы, майдан даласын кезіп қайтқан кәрі шеңгелдерімен буындырып өлтірсін. Міне, біз осындай патриот халықпыз. Сталинге берілген ұлтпыз. Биліктегі ұлықтарымыздан бастап балағынан биті төгілген кәрі-құртаңымызға дейін құлдықтың ажырығын артқан қоғамды аңсаймыз. Бізге ізгі тілекті Ресей журналистері, ойшылдары, жазушылары «қазақтар, қойыңдар, өткенге өнідіршектей бермеңдер» деп «өсиет» жазып бермесе, сірә өз бетімізбен тоқтамаспыз.
Жаңағы қарт қаламгер Юрий Борев аталған кітабында Сталиннің «12 жасқа толғандардың бәрі халық жаулары, атыңдар» деген бұйрығы болғанын жазады. Өз халқын, көкөрім болашағын көктей солдырған «көсемді» осыдан кейін кім деуге болады? Оның миллиондағын жандарды жауған оқтың астына айдап салып «алып берген» жеңісін қандай жеңіс деп бағалаған абзал?! Иә, содан соң тақырыптағы сауалға да ой салып көрелікші: Алаштың жауы алман баласы ма?