Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 4275 0 пікір 13 Маусым, 2014 сағат 13:23

КӨШ "ҚОС АЗАМАТТЫҚТЫҢ" ҚҰРАЛЫ БОЛМАСЫН

Жақында Алматыдағы Заңгерлік компаниялардың бірінде  сол мекеменің директорымен көші-қон турасында әңгіме өрбіттік. Оралман мәселесін, «Нұрлы көш» жайын сөз еттік. Ол кісі шетелдегі ағайынның Атажұртқа оралуына атсалысатынын айтты. Тіпті қандастарымыздың Қазақстан шекарасынан аттағанынан бастап, қызмет көрсетуге дайын екенін жеткізді. «Әп, бәрекелді!» дедік. Бірақ әңгіме ортасында айтылған бір жайт көңілімізге күдік ұялатқаны шын. Әжептауір бет-беделі бар, бірнеше заңгерді уысында ұстап отырған «көкеміз» оралман ағайындардың проблемасын көтеріп, көші-қонды қайта жандандырып, сол арқылы «Қос азаматтық» деген бапты заңымызға ендірсек деп қалды. 

–Ол не үшін керек?
–Ата заңымыз бойынша бізде «Қос азаматтық» деген болмайды. Соның кесірінен қандастарымыз азаматтық алу үшін өздері тұрған елдің азаматтығынан шығуы керек. 
–Содан...
–Мысалы, Қытай азаматы болып саналатын кез келген адам шетел азаматтығын алған соң ғана Қытай азаматтығынан шығарылады. Ал біз басқа елдің құжатын көтеріп жүрген адамға азаматтық бере алмаймыз. 
–Онда Қытайдан келетін қандастарымызды бұрыннан келе жатқан қағида бойынша «Қытай Президентінің атына азаматтықтан бас тартатыны туралы» хат жаздырып, содан соң құжаттарын қабылдай беру керек шығар. Қолына «Қазақстан Республикасының азаматы» деген анықтама берілген соң олар өздері-ақ Қытай азаматтығын ресми түрде жоя алады емес пе? 

–Егер ол өзі тұрған елдің азаматтығынан бас тартса айлығынан, зейнетақысынан қағылады.
 
–Бұл айтқаныңыздың қисыны бар шығар. Дегенмен, біздің білуімізше, Қытай мемлекетінде соңғы кездері қабылданған тиісті заң тармақтары бойынша бұлай болмайды. Яғни  Қытай азаматы қай елдің құжатын қолына ұстасада, бұрын Қытайда тұрған азамат ретінде көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізе алады. Оның ішінде жеке мүлкі және сіз айтқан жалақы мен зейнетақы да бар көрінеді. 

–Қалай десекте «Қос азаматтық» дегенді жүзеге асыру керек деп ойлаймын...
Әңгіме осылай аяқталды. Мәскеумен тығыз жұмыс жасайтынын, Қазақстанға келіп, заңгерлік көмек күткен кез келген шетелдік азаматқа барынша көмек көрсетіп отырғанын айтқан ағамыз «Қос азаматтық» дегенді міндетті түрде заңға енгізу үшін «күш салатынын» жеткізді. 
Соған қарағнада кейінгі уақыттарда жиі болмасада, анда-санда бір көтеріліп қалатын «Қазақстандағы қос азаматтық» жайы тегін емес сияқты. Тіпті «Қазақ көші» мен «Оралман» мәселесін осы қитұрқылыққа пайдаланып кете ме деген күдік бар. Қазірге Ата заңымыз мұндай «пайдалы ұсынысқа» жол бере қоймас. Дегенмен қажет кезінде түзетулер енгізе салатын әдетіміз бар емес пе?  
 
Хазірет Әбділда

Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452