Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4609 0 пікір 10 Маусым, 2014 сағат 10:07

ВАТИКАНДА АЛҒАШ РЕТ ҚҰРАН ОҚЫЛДЫ

IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарына сай, "Таяу Шығыстың бейбітшілігі үшін ортақ дұға оқу" рәсімі алғаш рет Ватиканға Рим папасы Францисктің шақыруымен келген Палестина автономды құрылымының төрағасы Махмұд Аббастың, сионистік режимнің басшысы Шимон Перес және Константин патриархы делегацияларының қатысуымен қасиетті Құран аяттары және яһудилер мен мәсихилердің қасиетті кітаптарынан дұғалар оқылды.  Бұл туралы Иран қазақ радиосы жазды. "Бейбітшілік үшін дұға оқу" рәсімі Рим папасының Перес және Махмұд Аббаспен жеке кездесуінен кейін Ватиканда өтті. Бұл рәсім сионистік режимнің істі бұзушылығына байланысты тараптар арасындағы шиеленіс Иордан өзенінің батыс жағалауында жаңа қалашықтарды салуға рұқсат берілгеннен кейін артқан жағдайда орын алып тұр. Ватиканның жоғары лауазымды қайраткерлері: "Бұл рәсімнің ешқандай саяси астары және тығырыққа тірелген келіссөздерге қатысы жоқ", -деп мәлімдеді.

Айта кететін болсақ, Ватикан Еуропада орналысқан, бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел. Рим католик шіркеуінің орталығы болып табылады.  Ватикан қала-мемлекеті – католик шіркеуінің орталығы ғана емес Рим папасы орналасқан мекен. Ватикан азаматтығын тек жеті жүздей адам ғана алған. Ресми тілдері: латын және италиян тілдері. Ватикан – абсолютті теократиялық монархия. Мемлекет басшысы – Рим папасы. Оның қолында барлық билік (заң шығару, атқару, сот төрелігі) шоғырланған. Бұған қоса Рим папасы сыртқы елдермен қарым-қатынасты да жеке өзі шешеді. Ватикан тарихы 756 жылы Папа облысы құрылған кезден басталады. 1870 жылы Италия әскерлері Папа облысын басып алып, астананы Римге көшірді. 1929 жылы жасалған Лютеран келісімі (конкордат) бойынша, Италия жағы Ватикан мемлекетінің тәуелсіздігін мойындады. Ватикан басшылығы әлемдегі шешуі аса күрделі мәселелерге (қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, кедейшілікпен, аштықпен күрес, тағыда басқа) үнемі араласып отырады. Бұл қызметтеріне кететін шығынды олар өз есептерінен төлейді. Ватикан дүние жүзіндегі аса бай мемлекеттердің бірі (алтын қоры – 13 миллиард доллар).

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434