Сенбі, 23 Қараша 2024
Асқанға - тосқан 7017 1 пікір 6 Маусым, 2014 сағат 12:13

РАХАТ ӘЛИЕВ ҰСТАЛДЫ

APA ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып Agence France-Presse  Рахат Әлиевтің ұсталағаны туралы хабарлауда.

Естеріңізге сала кетейік, Рахат Әлиевке «Нұрбанк» топ-менеджерлерінің өліміне қатысты сырттай айыптар тағылған-ды. Жолдас Темірәлиевтің, Айбар Хасеновтің және мемлекет, қоғам қайраткері, саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның оққағары мен жүргізушісінің өлімі де Әлиевтің қолымен жаслағаны анықталып, оның бұрынғы істеген қылмыстары жаңа айғақтармен әшкерлене түскен болатын. Осы және өзге де жайттарға байланысты Рахат Әлиевті экстрадициялау мәселесі қозғалған.

Әлиевтің  адвокаты өзінің қорғауындағы адам билік өкілдеріне  еркімен беріліп, Австрия құқық қорғау органдарымен ынтымақтаса жұмыс істеуге ниетті екенін айтып отыр. 

 Қазақстан соты Рахат  Әлиевті жалпы алғанда 40 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен.

Бұған дейін Австрия Әлиевті Қазақстанға беруден екі рет бас тартқан  еді. 2011 жылдың шілдесінде құқық қорғау органдары Мальтаға кетіп үлгерген бұрынғы елшіге қатысты өзіндік тергеу бастаған. Австрияның Әлиевті Қазақстанға қайтармай отырғанына байланысты Президент Назарбаев:

 

- Австрия Қазақстанмен кономикалық қарым-қатынастар орнатқан  әріптес ел болып табылады. Енді Австрия билігінің әділдік үшін қылмыскерлерді бермеуге дәлелдері жоқ. Рахат Әлиев үрей үстінде. Ол әрине,  өзіне тағылған күдікті алып тастағысы келеді. Соның бәріне қарамастан, біз істі аяғына дейін жеткізуіміз керек, - деген-ді.

Рахат Әлиевтің тұтқындалғаны туралы ақпарға қарағанда іс аяғына жетіп қалған сияқты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395