Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4536 0 пікір 6 Маусым, 2014 сағат 11:30

ШЫҢЖАҢДА 12 АДАМ ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛДІ

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің 6 қаласы мен округтерінің бірінші инстанциядағы соттары бейсенбі күні  лаңкестікке қатысы бар деп 81 адамға үкім шығарған. Бұл туралы  ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Айыпталушылардың тоғызы өлім жазасына кесілді, тағы үш адам мерзімі ұзартылып, екі жылдан кейін өлім жазасына кесілмек.

Айта кететін болсақ Осыған дейін Қытай полициясы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде мамырдың 23-інде лаңкестік қызмет пен діни экстремизмге қатысы бар деген 200-ден астам күдіктіні ұстаған болатын. Бұл топтар Хотан, Қашғар мен Ақсуда анықталған. Жүргізілген арнайы шаралар барысында полиция қызметкерлері 1,8 мың тоннаға жуық жарылғыш затты тәркіледі. Жергілікті биліктің мәліметіне сай, Шыңжаңдағы террорлық топтардың саны 2010 жылдан бастап біраз көбейген көрінеді. Былтыр олардың саны 200-ге жеткен. ҚХР билігі мамыр айында терроризмге қарсы күреске шақырып, антитеррорлық күшейтілген шараны бір жыл жүргізетін болған еді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1285
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2837
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 939
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 880