"ВКОНТАКТЕ" негізін қалаушы серіктестерін сотқа берді
"ВКонтакте" желісінің негізін құрушы Павел Дуров жоба және UCP қоры бойынша бұрынғы серіктестерін АҚШ-та сотқа берді. Дуров оларды Telegram мессенджеріндегі үлесіне қатысты алаяқтық және бопсалаушылық әрекет жасады деп айыптаған. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Шағым-арыз Нью-Йорк штатының Оңтүстік сот ісі бойынша АҚШ округтік сотына 30 сәуірде түскен. "Дуров жауапкерлердің алдын ала сөз байласып, оның Digital Fortress, Telegram және Pictograph компанияларын, сондай-ақ сол арқылы Telegramдағы үлесін заңсыз ұрламақ болғанын дәлелдемек. "ВКонтакте" желісінің негізін құрушы соттан шығындарды өндіріп беруді, оның Telegramдағы барлық активтерін заңды деп тануды сұрап отыр.
Шағымға қарағанда, 2011 жылы "ВКонтакте" желісінің негізін қалаушы федералдық қауіпсіздік қызмет оқи алмайтын Telegram мессенджерін құруды жоспарлаған. Дуров өз ойын жария етпеуді ұйғарған. Мессенджермен жұмыс істеуді ол Аксел Нефф және Илья Перекопскийге тапсырған. 2012-2013 жылдары ВКонтакте желісінің негізін қалаушы Дуров, Аксел Нефф пен Илья Перекопскийдің есепшотына 4,8 миллион доллар аударған. 2014 жылы тауар белгісі, серверлер және келісімшарттар UCP-ке өткен. 2014 жылдың қаңтар айының басында "ВКонтакте" желісінің негізін қалаушы Нефф, Перекопский және UCP бойынша өзге де серіктестері "халықаралық бопсалау үлгісін" пайдаланып, Дуровтан мессенджерді тартып алуға өзара сөз байласқан көрінеді.
Естеріңізге сала кететін болсақ, Ресей федералды барлау қызметі Украинадағы саяси жағдайға байланысты «майдангерлер» туралы ақпаратты бермедің деп Дуровқа қысым жасаған еді. Дуров өзінің «ВКонтакте» жобасын билік тарапына «беруге» мәжбүр болып, Ресейден кеткен болатын.
Абай-ақпарат