Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5357 0 пікір 29 Мамыр, 2014 сағат 11:35

77 ПАЙЫЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕАЭО-НЫ ҚОЛДАЙДЫ

Қазақстан халқының 95,6 пайызы интеграция Қазақстан үшін өмірлік маңызды стратегиялық бағдар деп санайды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еуразиялық интеграция институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева осылай деп мәлімдеген. Бұл туралы Baq.kz жазды.

Жанаргүл Құсманғалиева: «Халық арасында да, мамандар қауымдастығында да Еуразиялық интеграция әлеуетіне оң көзқарас басым екенін айтқан жөн. Біздің жүргізген зерттеулер мен сауалнамалар бойынша, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 77 пайызы, яғни басым бөлігі және сарапшылардың 84 пайызы ЕЭО аясында интеграциялық үдерісті ары қарай дамыту керек деп санайды. Қазақстандық қоғам интеграциялық үдерісті сындарлы көзқарас тұрғысынан қабылдап жатыр. Ең алдымен біздің халық Қазақстанның ЕЭО-ға кірудегі экономикалық пайдасын көріп отыр», - деп сөзін толықтырған.

Оның айтуынша, ел тұрғындары интеграцияның пайдасы ретінде әріптес елдер нарығында қазақстандық бизнестің қол жетімділігі мен еліміздің Әлемдік экономикалық жүйеге кіруге жағдай жасалуы деп түсінеді. 

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322