Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5806 0 пікір 27 Мамыр, 2014 сағат 09:11

БАС МҮФТИДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің білімді жастарын қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылының алтын белгіге үміткер үздік оқушылары мен әлеуметтік жағдайы төмен мектеп түлектеріне шәкіртақы тағайындады.

С.Сейфуллин орта мектебінің 11 сынып оқушылары – Әйгерім Темірханова мен Айғаным Ақажанова биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуден алтын белгіге үмітті. Бірі ағылшын тілі маманы болуды мақсат тұтса, енді бірі математика саласының майталманы болуды армандайды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы оқушылармен кездесуде мектеп бітірушілерді білім алуда жігерлі, өжетті болуға шақырып, алға қойған мақсатқа қол жеткізуде жалқаулық танытпауға, ең бастысы ары мен ұятына   берік, иманды, инабатты азамат болып өсуге үндеді.

«Еліміздің әр азаматы кетігі табылған жерге кірпіштей қаланып, халыққа қалтқысыз қызмет етуі тиіс. Әр оқушы өзінің таңдаған мамандығын жетік білсе, мемлекетіміз көркейіп, өркениетті ел қатарына қосыламыз. Алла тағала баршамызға қайырлы білім беріп, ел игілігі үшін аянбай қызмет етуді нәсіп етсін», – деп батасын берді Бас мүфти.

 

         www.muftyat.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320