Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4315 0 пікір 26 Мамыр, 2014 сағат 13:36

ЕАЭО ОРТАҚ ВАЛЮТА ҚОЛДАНУЫ МҮМКІН

Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев ЕАЭО елдері аумағында ортақ төлем жүйесін енгізу қажеттілігі туралы айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz .

«Қазіргі қалыптасқан жағдай бізді геосаяси қауіп-қатерлерге тап болған секторларда интеграцияны үдетуге итермелейді. Бұл, бәрінен бұрын, қаржы қызметтерінің нарығы. Бүгінде Ресейде ұлттық төлем жүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Менің көзқарасым бойынша, бірден ЕАЭО елдеріне ортақ төлем жүйесін әзірлесек анағұрлым тиімдірек болады. Игорь Суворов басшылық етіп отырған мемлекетаралық банк те бастапқыда төлем одағымен қамтамасыз ету қызметтерін атқару үшін құрылған еді. Қазір осы функциялар өте қажет, себебі, егер біз төлем жүйесін құрмасақ, біз ылғи да саяси қауіп-қатерлерге соқтығыса беретін боламыз»,- деген Сергей Глазьев ЕАЭО-ға мүше елдерге ұлттық валютамен есептесуге жылдамырақ көшу керектігін айтқан.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366