УКРАИНАДАҒЫ САЙЛАУ - Порошенко жеңісін мәлімдеді
Украинадағы президент сайлауының бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша Украинаның бұрынғы сауда және экономикалық даму министрі Петр Порошенко жеңіске жетті. Төрт телеарнаның экзит-полл мәліметтері бойынша, Порошенкоға сайлаушылардың 57% дауыс, ал Тимошенкоға - 13% дауыс берген. Украинадағы мерзімнен бұрын өткізілген президенттің сайлауға күндіз халықтың 40 пайызы келді. Бұл мәліметтерді елдің Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Егер берілген дауыстарды санау қорытындысы осылай болып шықса, онда Украинада сайлаудың екінші кезеңі болмауы мүмкін.
Сондай-ақ УДАР партиясының көшбасшысы Виталий Кличко Украина астанасы Киев қаласының мэрі сайлауында сайлаушылардың 57% даусын жинаған.
Сайлау барысы кезінде елдің шығысында сепаратистік бүліктер тіркелді. Алдын ала мәліметте көш бастап тұрған Порешенко Украина билігі Қырымдағы жағдайды еш мойындамайтыны туралы мәлімдеме жасап, Украинадағы саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында ресеймен екі жақты келіссөздер жасауға дайын екенін білдірді. Әрі осы жылдың аяғына дейін елде парламент сайлауы өтетіні туралы да айтты.
Абай-ақпарат