ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕДЕЙЛІК ДЕҢГЕЙІ 13 ЕСЕ ҚЫСҚАРДЫ
Бүгiн VII Астана экономикалық форумы аясында ІІ Дүниежүзілік жағдарысқа қарсы күрес конференциясында сөз сөйлеген ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлiмдедi, - деп хабарлайды Baq.kz жаңалықтары.
Президент өз сөзін: "Біз біршама инвестицияны білім беру мен денсаулық сақтау саласына бағыттау жүйесіне және әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттаудамыз. Соның нәтижесінде, Қазақстандағы тұрғын халықтың өмір сүру ұзақтығын 4,5 жылға ұлғайтып, аз уақыт ішінде елдің кедейлік деңгейін 13 есеге қысқарттық. Сондай-ақ, қоғамның табыс деңгейіне байланысты жіктелуін барынша болдырмауға тырыстық. Қазір біз өз тәжірибемізбен өңірдегі өзге елдермен бөлісуге дайынбыз. Атап айтар болсақ, Орталық Азия елдерінен шыққан дарынды жастар үшін Назарбаев университетінде оқуға арнайы грант бағдарламаларын да үлестіруге әзірміз", - деп толықтыра түскен.
Абай-ақпарат