Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4871 0 пікір 23 Мамыр, 2014 сағат 12:13

ӘЛЕМ ҚАЙТА ҚҰЛДЫРАУЫ МҮМКІН - ҚР ПРЕЗИДЕНТІ

«Жаһандық диалогтардың тоқтатылуы - бұл қауіпті үдеріс.» Бүгін Астанада өтіп жатқан VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференцияның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлім еткен. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. Мемлекет басшысының айтуынша, «халықаралық қатынастар теңдігінің шайқалуы, жаһандық диалогтың доғарылуы - бұл қауіпті үдеріс».

«ХХІ ғасырда барлық мемлекеттер, барша саясаткерлер "G-global" әлемінде, оның эволюциялық, сенімділік, ашықтық, толеранттылық пен диалогтық қағидаттарымен өмір сүруге үйренулері керек. Жаһандану сөзсіз бүкіл әлемді әрбір адам үшін барынша жақын әрі барынша қолжетімді етіп отыр. Алайда, қазіргі уақытта ең күрделі жаһандық экономикалық дағдарысты бастан өткеріп отырған әлем қайта құлдырау мен рецессия жағдайына түсуі әбден мүмкін», - деп атаған президент Н. Назарбаев. 

 

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371