Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3862 0 пікір 21 Мамыр, 2014 сағат 13:46

РЕСЕЙГЕ ҮСТЕМЕ САНКЦИЯ САЛЫНДЫ

Бүгін, 21 мамыр  Австралия Ресейге салынған санкциялар көлемін  кеңейте түскенін жариялады. BBC-дың хабарлауынша  Австралия билігі Украинаның территориялық тұтастығы мен суверенитетінің бұзылмауына ниеттестігін білдіру мақсатында осындай қадамға барып отыр.  Санкция мазмұны қаржылық санкциялар және ресейлік, украиндық  тұлғаларға виза бермеу мәселесі, сондай-ақ қара тізімге енген компанияларға шара қолдануды қамтиды.

Австралия сыртқы істері мен сауда министрлігі басшысы Джули Бишоп: «Мен Украина шығысындағы ушыққан эскалациямен, бейбіт тұрғындар өліміне әкеліп соққан елдегі жағдайға қатты алаңдаймын. Австралия Украин халқына жасалып жатқан Ресейдің қитұрқы  саясатын өзгертуіне мүдделі. Елдегі тұрақсыздықты қалпына келтіруді ойласуымыз керек», - деп атап көрсеткен.

Жаңа санкция салынғандар тізіміне 38 ресейлік және украиндық тұлға,  сондай-ақ 11 компания кірген. Бұл сипаттағы Австралия санкциялары Украина шығысындағы жағдайға себепкер болған 50 адам мен 11 компанияға қиындық туғызатын болады.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434