Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 22557 0 пікір 21 Қаңтар, 2015 сағат 17:30

ТӘҢІРГЕ ТАБЫНУ

Осыдан біршам жыл бұрын "Тәңірге табыну" деген жазбаға кезіктім. Бірақ ол орыс тілінде болатын. Маған қатты әсер етті. Соның негізінде мен оның мағыналық нұсқасын қазақ тілінде "еркін аударма" түрінде жазып шықан едім. Ол мынау:

"О, Тәңір! Менің бабаларымның аруағын қолда,

Жақындарым мен туғандарымды жаман көзден қорға!

Ауасы кәусар туған жерімді - жер жәннаты ет!

Тулаған киелі Теңіз суымды - елімнің ырысы ет!

Көк аспанның иесі - Жаратушы Тәңірім менің,

Мен саған басымды идім, Жолыңды қаладым!

Сенің ізгі жолыңмен жүруге маған қуат бер,

Өзің көрсеткен бақытқа жетуге шуақ бер!

Менің жүрегім де - Сенің құдіретіңмен соғады,

Басымдағы бағым да - Сенің қалауыңмен қонады!

Тәңірім! Сен менімен бірге болсаң:

Жауыма сілтер қылышым - алдаспан!

Тізем - бүгілмес, намысым - тапталмас!

Тәңірім, қабыл алсаң - аспанды идір,

Хан Тәңірі тауымның бауырын сүйдір!

Отыңды ойнат, тауымды асқақтат,

Халқыңды құшағыңа сидыр!

О Тәңір! Халқымды арам пиғылдан сақта!

Халқыма ажал уын сепкенді жазала!

Тәңірін таныған халықтың еңсесі биік!

Тәңірін таныған халықтың - болашағы мәңгілік!...

(Әбдірашит Бәкірұлы, 2011 жыл).

(Осыны оқығаннан кейін бабаларымыздың Тәңір дінін "пұтқа табыну" деп айтуға кімнің аузы барар екен?).

(Әбдірашит Бәкірұлының FB парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394