Дүйсенбі, 2 Наурыз 2026
Ақмылтық 211 0 пікір 2 Наурыз, 2026 сағат 16:32

Дубайға бару емес, кету арман болған күн...

Сурет: ЖИ арқылы жасалды.

Иран тарабы АҚШ пен Израильдың жойқын шабуылынан кейін, кек алу мақсатында Израиль мен АҚШ-тың Таяу Шығыстағы (бәрі араб елдерінде) әскери базаларына зымыран, дрондармен соққы жасады.

Кейбірі бата тимей, қата тиіп Дубайдың туристік орталықтарына түскен. Осылайша туристердің жүмағына айналған ірі қалалар мен күллі Орта Шығыс дүрбелеңге түсті. Әуе жолдары жабылып, ішінде біздің отандастарымыз да бар, шетелдік туристер Біріккен Араб Әмірліктерінде қаңтарылып қалды. Ресми мәлімет бойынша қазақстандық 4500 турист елге қайтуға асығып отыр. Арасында әнші жұп Жанболат пен Жазира да бар екен.

Екі жыл бұрын қазақстандық шенеуніктердің Дубайдағы үйлері туралы желілес журналистік зерттеуін жариялаған Азаттық тілшісі Манас Қайыртай елді елең еткізерлік жазба жариялады.

Оның дерегінше, қаңғыған ирандық дронның бірі Дубайдағы "Fairmont the palm" резиденциясына түскен. Бір бөлігі қонақ үй, тағы екі ғимараты тұрғын үй екен. Назар аударарлығы қазақстандықтар тұрғын үй кешенінен 95 пәтер сатып алған екен. Олардың дені бұрын жоғары мемлкеттік лауазымда болған атқамінерлердің туыстары екен. Олардың тізімі мына кестеде көрсетілген:

Бүрынғы Жоғары сот төрағасы Қайрат Мәмидің баласының, Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Батталовтың әйелінің, Берік Имашевтың әйелі мен ұлының, Ахметжан Есімовтың күйеу баласының атына тіркелген үйлер бар екен.

Дубайда тарыққан отандастарымыз Үкіметке қайырылып көмек сұрап жатқанымен, шетелде баяшат өмір кешіп жатқан бай-бағландар үнсіз. Мал-жанының амандығы туралы ешбір мәлімет жоқ.

АҚШ-тың Иранға шабуылынан туындаған Таяу Шығыстағы дүрбелең талай шындықтың бетін ашып, түрлы дауларға ұласатын түрі бар.

Abai.kz

0 пікір