Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3519 0 пікір 11 Мамыр, 2010 сағат 08:01

Аштық жариялап жатыр...

Алматы қаласының қақ ортасында 7 адамның аштық жариялап жатқанын біреу білсе, біреу білмес, әрине. Бұл кісілердің өз өмірлеріне, денсаулықтарына саналы түрде қауіп төндіруіне не себеп болды? Осы сұрақтың кімді де болса ойландырары хақ. Енді мәселенің мән-жайына келейік. Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Алға» патиясында Козлов, Ж.Қуанышәлиндер қатысқан жиын өтеді. Жиын соңында күн тәртібі бойынша 28 Панфиловшылар саябағындағы қаһармандар ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға  бірнеше адам бет алады. Осы кезде олардың жолын полиция қызметкерлері бөгеп, саябаққа жібермейді. Мәселе осы арада ушығады. Кішігірім қақтығыс болып, аяғында полиция Козлов, Ж.Қуанышәлин, Е.Нарынбайларды Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне алып кетеді. Дәл қазіргі уақытта Е.Нарынбай уақытша оқшаулау орнында, яғни қамауда ал, қалғандары Қарасай батыр мен Х.Досмұхамедов көшелерінің қиылысындағы «Алға» партиясының ауласында аштық жариялап жатыр. Бүгін 11-күн болды. Аштық жариялаушылардың айтуынша бұл жеке мүддеге байланысты емес, саяси бағыттағы аштық. 7-мамырдан бері олардың денсаулығын медициналық орталықтың дәрігерлері бақылауда.

Аштық жариялаушылардың әрқайсысы бүгінге дейін орта есеппен он келіден салмақ жоғалтқан көрінеді. Бір адамның денсаулығы мүлде нашарлауы себепті, аштықты тоқтатқан.  Наразы топ өз үндеулерін қалалық әкімшілікке, Астанадағы тиісті орындардың бәріне жіберіпті.  Аштық жариялаушылар шамалары жеткенге дейін өз ұстанымдарын қайтпайтындарын айтып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1334
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2907
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 987
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 917