СЕН ҚҰРМЕТТЕ ОНЫ!
Алдағы 2015 жыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және ТМД елдеріндегі Ардагерлер жылы болмақ. Ал, Жаңа жыл қарсаңында, 26 желтоқсан мен 30 желтоқсан аралығында Қазақстан Президентінің бүкіл еліміз бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау жөніндегі жалпыұлттық бірегей акциясы өтуде. Барлық қазақстандық соғыс ардагерлері Мемлекет басшысы атынан жаңажылдық сыйлықтар алуда.
Республикада тұратын 5115 соғыс ардагерінің әрқайсысына облыс, қала және аудан әкімдері арнайы барып құттықтап, Мемлекет басшысы атынан жаңажылдық сыйлықтар жиынтығын тапсыратын болады.
Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу жөніндегі арнаулы іс-шаралар жоспары бекітілді. 2015 жылғы 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні Мемлекет басшысының қатысуымен мерейтойлық салтанатты әскери шеру өткізу жоспарлануда.
Абай-ақпарат.
(Мақала «Қазақпарат» ХАА деректері негізінде әзірленді).