Зейнолла САМАШЕВ: ТАРИХИ САНА ТУРАЛЫ
«– Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткелі отырмыз. Бірақ осы дата жарияланғалы бұл бес жүз жылдықтың қай «бес жүз жылдық» екенін шатастырып жүрген жастар аз болып жатқан жоқ. Бұл нені білдіреді?
– Бұл жалпы тарихи сананың әлі дұрыс қалыптаспағанын көрсетеді. Екінші жағынан, бізде халыққа жүйелі түрде тарихи білім беру мәселесі әлі күнге дұрыс жолға қойылмаған. Жалпы тарихи сананы жаңа жағдайда қалыптастыру мәселесі кейінгі кезде ғана қолға алына бастады. Оған дейін біз жалтақтап келдік, тарихты көму, тарихи фактілерді бұрмалау жағдайларын бастан өткердік. Ауқымы тар, жалған, бұрмаланған мәліметтер «сендердің тарихтарың» деп, маңдайымызға жазылды. Сондықтан, тек қана жастар емес, оның алдындағы буынның да ата тарихын дұрыстап талдап, дұрыстап жазуға шамасы келмеді. Ал шектеуге көнбей, өз бетінше тарихтың ақтаңдақ беттерін ашуға тырысқандар қуғындалып отырды.»
«Астана ақшамы» газетінің тілшісі Назира Байырбектің сауалына берген жауабы.
http://www.astana-akshamy.kz/?p=25691