Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 25316 1 пікір 28 Желтоқсан, 2014 сағат 23:17

АБАЙ 15 ЖЫЛ БОЛЫС БОЛҒАН

Ұлы Абай өмірінің жарқын айғағы боларлық құнды дерек жазбасы табылды. Ол құжат «қазақтың бас ақынының» (Ахмет Байтұрсынұлы) қайраткерлік қырынан хабар береді.

Ұлт тарихында Абай Құнанбайұлының өз заманындағы саяси – атқарушы билікте дәрежелі қызмет атқарғаны бұған дейін де анық еді. Мәселен, ойшыл ақынның Шыңғыстау өлкесінде болыс болып, ел басқарғаны жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романында дәйекті суреттеледі. Абай заманында өмір сүрген, ақынның көзін көрген тұрғыластары мен туған-туыстарының естелік-шежірелерінде де Құнанбай баласының болыстық қызметі жайлы мағлұматтар жетерлік. Тек, ел аузында әділетті би, кемеңгер басшы болып суреттелетін Абайдың бұл болыстық қызметі жайлы ресми деректер ғана табылмай тұрған еді. Енді, міне, жоғымыз табылып, кемдігіміз түгенделген сияқты.

Абай атқа мінген заманмен араға 121 жыл түскенде барып, Ұлы ойшылдың Шыңғыстау өңірінде болыстық сайлауға түскендігін айғақтайтын ресми құжат табылды. Жәдіргеге айналған жазбаны Семейдегі Абай мұражайының директоры Жандос Әубәкір бастаған мамандар Ресейдің Омбы қаласының орталық мұрағатынан тауыпты.

 Айтпақшы, бұған дейінгі мәлім болған деректерде Абайдың 12 жыл болыс болғаны айтылатын еді. Ал, мына табылған тарихи дерек бойынша Ұлы ойшылдың 15 жыл  бойына ел ағасы болғандығы дәлелденіп отыр.

Абай.kz  

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308