Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6404 0 пікір 9 Желтоқсан, 2014 сағат 20:52

«ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ НАШАР» ДЕГЕНДІ ҚОЮ КЕРЕК

 

«Қытай мен Қазақстанның білім беру жүйесінде айырмашылық жетерлік. Мен ол жақта он жылдай қызмет істедім, ұстаздық еттім. Аспан асты елінде мұғалімдік қызметке орналасқаннан кейін, оны тастап, басқа салаға ауыса салу оңай шаруа емес. Оның үстіне, онда қолда бар жұмыстан айырыла салу – өте қиын. Ал айлық жалақылары бізден аса жоғары деуге келмейді, алайда, көптеген мамандық иелерінің нәпақаларынан төрт-бес есе артық. Тағы айта кетерлігі, қытайлық ұстаздардың жалақысы сағат санымен өлшенбейді, осы тұсты біздегі білім беру жүйесінің артықшылығы деп айтуға болады. Өйткені, тәжірибелі, ұлағатты, білімді ұстаздар сағатты көбірек алады, шәкіртке көбірек еңбек сіңіреді.

Ал білім беру сапасы жағынан алып қарасақ, бір миллиардтан астам халқы бар мемлекет қалай болғанда да бізден көш ілгері. Оқулықтан тапшылық жоқ, дидактикалық-әдістемелік құралдары жетерлік. Мәселен, математика пәні мамандарының өзі қаншама!Сондықтан да материалдар мол. Алар тұстарымыз да бар. Десе де, «Қытайдікі керемет, Қазақстандікі нашар» деп, оларға табынудан аулақ болуға тиіспіз. Бізде қалыптасып келе жатқан жүйе бар. Егемендігімізді алдық, етек-жеңімізді түзедік, енді тек ілгерілеуге асығуымыз керек.

Рас, бұл тақырып төңірегінде айтар әңгіме көп, біздегі кемшіліктерді де жіпке тізуге болады. Бірақ он алты-ақ миллион халықпыз, аз болсақ та саз болуымыз қажет. Қытайдан да, орыстан да биік болуымыз керек. Ол үшін ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, насихаттай бергеніміз жөн...»

Ырысбек МӘУІТ,

 Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9  «Зерде» мектебінің математика пәні мұғалімі.

«Астана ақшамы» газетіне берген сұхбатынан үзінді.

www.astana-akshamy.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5388