Сенбі, 23 Қараша 2024
Қырдағы әңгіме 5619 0 пікір 8 Желтоқсан, 2014 сағат 00:15

ЕКІ ТАРАПТЫҢ ОЙЫ ЕСЕП АЙЫРЫСУ МА?

РЕДАКЦИЯДАН:

Осыдан аз күн бұрын редакцияның электронды поштасына келген Сатпаев қаласының тұрғыны Ханбибі Абуова есімді азаматшаның хатын жариялаған болатынбыз. («СЕКТАНТТАРДЫҢ ҚАСЫНДА СЕЙСЕНБАЙ НЕГЕ ЖҮР?» http://abai.kz/post/view?id=2308) Ол жарияланымда зиярат етушінің көрген-білгені мен жеке пікірі стильдік және қаріптік ерекшелігі сақталып берілген болатын. Редакция өз тарапынан «Пікір еркіндігі бар жерде ақиқат туады деген ұстанымға сай, оқырманнан электронды пошта арқылы келген хатты өзгеріссіз, қаз қалпында жариялап отырмыз» деп ескерткен болатын. Дей тұрғанмен, оқырман пікірі жария болғасын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Мәулен Садықбеков мырзадан базыналы хат келді. Біз екі тарапқа тең қарап, директордың хатына орын беріп отырмыз.

Жалпы, бұл «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына қатысты көтеріліп отырған сөздің басы емес, аяғы да осы жерден тоқтайтын көрінбейді. Бізді алаңдататыны, екі тараптың да ашық пікір алаңын  есеп айырысу мақсатына қарай бұруды көздейтіндіктері. Мүмкін, шынымен екі тарапқа бөлінудің ендігі ақ-қарасын тиісті орындар ажыратуы тиіс шығар? Ал, ақпаратты жариялау айып емес...

Абай.kz 

  

«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам»

Құрметті Абай.кз  ақпараттық порталының басшылығы!

Қорық-мұражай ұжымы сіздерден мекемеге қатысты мәселені ерекше ыждаһаттылықпен қарап, әбден тексеріп барып қана елдің назарына ұсынуды өтініп сұрап еді. Алайда, ұжымның тілегі ескерусіз қалды. Әрине, мұнда да бір себептің бары анық. 

            «Абай.kz» порталында жарияланған «Сектанттардың қасында Сейсенбай неге жүр?» деген материал арқылы қоғамға тағы бір өтірік ұсынылды.   «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық- мұражайы республикалық мемлекеттік мекеме болып табылады. Мекеме Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес қызмет атқарады. Мекемеде ешқандай да  секта жоқ. Үкәша атаның басында мұражай қызметкерлері жиналып зікір салады деген жала жабу, бос сөз.  

 Ал мына Ханбибі Абуова деген әйелдің айтқандары шындықпен мүлде жанаспайтындығы өз жазбасынан-ақ көрініп тұр. Біріншіден, «Мәдениет министрлігіне осы оқиғаға байланысты сан мәрте хат жаздым, бірақ жауап ала алмадым» дейді. Бұл шылғи өтірік. Егер хат жазылғандығы рас болса, ҚР заң талаптары бойынша министрлік міндетті түрде жауап берген болар еді. Бұған қоса хатта көрсетілген мәселелер бойынша менен де түсініктеме алынады. Мәдениет министрлігі  Х.Абуованың арызы бойынша менен түсініктеме сұраған емес, яғни Абуова министрлікке арыз жазбаған. Ал арыз жазбаса министрлік оған қалай жауап береді? Ханбибі Абуова деген әйел өмірде бар адам болған күннің өзінде оның арыз жазу ниеті болмағандығына осы да жеткілікті дәлел бола алады. Екіншіден, арыз жазу ниеті жоқ әйел бірнеше мұражай қызметкерлерінің аттарын, қызметтерін  дәлме-дәл қалай жаттап алған және оны сегіз ай бойы ұмытпай, шатастырмай қалай есінде сақтап келген? Үшіншіден мұражай қызметкері Мұса Аманқұловтың құжаттағы есімі Мұсамахамбет екендігін ең жақын ет жақындары ғана айта алатын шығар. Шын мәнісінде Мұсаның толық атын мұражай қызметкерлері де біле бермейді. Сонда Сатпаев қаласынан келген әйел мұны қайдан біліп отыр?

 Құрметті Абай.кз ақпараттық порталының редакциясы! Ел құлағын көтерген соң,  мәселені соңына дейін жеткізген дұрыс шығар. Өткендегі Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғындары  Ақылжанова Ділдәкүл, Маймақова Гүлбарам, Сейітова Айымды және  мына соңғы Сәтпаев қаласының тұрғыны  Ханбибі Әбуованы тауып жүзбе-жүз кездесіп, мән-жайға жетіңіздер. Содан соң аталған кісілер нақты бар болса,  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры мені шақырыңыздар да  бәріміз Сіздердің редакцияда бас қосайық. Ақпараттық портал әділеттің шын жанашыры болса  айтарым осы. 

Садықбеков Мәулен,

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383