Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 6042 0 пікір 18 Қараша, 2014 сағат 13:46

«ГАЛАТАСАРАЙҒА» 40 МИЛЛИОН ЕУРО. НЕ ҮШІН?

Түркияның spor.mynet.com сайты өз оқырмандарына сүйіншілі хабар жеткізіп отыр. Олардың жазуынша, біздің «Самұрық-қазына» әл-ауқат қоры Түркияның «Галатасарай» футбол командасына 40 миллион еуро беретін көрінеді.

«Клуб формасының төсбелгісіндегі жарнаманың кассаға әкелетін қаржысы 40 миллион еуро болмақ», - деп жазады spor.mynet.com.

Айта кетерлігі, осыған дейін «Галатасарай» командасының басынан дау арылмай келіпті. Аталған сайттың хабарлауынша, қарызға белшесінен батқан команда қазақстандық «Самұрық-қазына» әл-ауқат қорымен ғана әл жинайтын сияқты. «Шекербанк» арқылы жасалған келісім 5 жылға белгіленіп, алғашқы төлем 2015 жылдың басында жасалатын болыпты. 

 

P.S.

Сонымен еліміздің бас әл-ауқат қоры "Самұрық-қазына" басынан дау арылмай келе жатқан түріктің футбол клубына 40 миллион еуро беретін болып жатыр. Не үшін?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404