Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 21584 0 пікір 17 Қараша, 2014 сағат 10:15

БҮГІНГІ ҚАЗАҚ БАТЫРЫ

«Қазақтың батыры қайда, батырын қолдайтын халқы қайда?» деп Дулат Исабеков сауал қойған еді. Және де ол «Кейде осы мен күдіктенемін: ата бабамыз батыр болды дегенге. Қайда сол батырлық?!» дейді. («ДАТ» газеті , 14.02.2013ж.) Д. Исабековтың қойған сұрағы мен күдігіне мен жауап ретінде «Азат – бүгінгі қазақ батыры » деп мақала жазғанмын (« ДАТ » газеті , 6.06.2013 жылы). Д. Исабековтың сауалы және күдігі қандай себептерден шыққанын осы мақаламның аяғында айтармын.

Сонымен, келесі қазақ батыры – ол Өмірзақ Әбдіуәлиұлы Ақжігіт. 2009 жылы «Ұлтым деп соққан жүректер» атты кітапта: «Ө.Ақжігіттің оралмандар мәселесін көтергенде «Бізде жер бар, ниет жоқ!», «Бар қазақты жимасақ, ел болғаннан не пайда!» деген мақалалары кезінде зиялы қауым тарапынан үлкен қолдау тауып, толқын тудырды. Қоғамдық қозғалыстарда талқыланды. Қазақтың басын бір жерге қосуға қызмет ету өзінің өміріндегі ең басты міндеті деп біледі ол... Ұлттық құндылықтарды тірілту, жаңғырту, насихаттау бағытында Өмірзақ Ақжігіт өз орнын тапқан, сондықтан бергенінен берері көп ұлт жанашары» деген деректер берілген .

Міне, Өмірзақтың өз халқы үшін ұстанған бағытындағы осы істері батырлық емес пе? Ал осындай батырлық - табиғи құбылыс, ол тек адами қасиетпен беріледі. Мүмкін, бұл қасиет оған 1726 жылы Әбілқайыр ханның жасағымен келіп, 1750-жылдары қазақ жерін жоңғардан жаппай тазалау кезінде қайтыс болып, сүйегі Түркістандағы Әзірет Сұлтанға «Шеркеш Сүтемген батыр» деп қойылған арғы аталарынан, немесе Созақ көтерілісінде атақты Салықбай мергеннің 18 мергенінің бірі болған атасы Ақжігіттен ауысқан болар.

Өмірзақ өткен ғасырдың 70-жылдары Мәскеу инженерлік-құрылыс институтында оқып жүргенде Кеңес Одағы құрамындағы халықтардың тілін шектеу, мәдениетін кеміту, тарихын бұрмалау – бұл орыс шовинистері жүргізетін басты саясат екенін өз көзімен көрді.Оқуын бітіргеннен кейін зауытта, өндірістік бірлестіктерде, аудандық, қалалық әкімшіліктерде қызмет атқарғанда көргені – шовинистік саясаттың жемісі. Бұл улы жеміс – қазақ басшыларына, мамандарына, қарапайым қызметкерлеріне орыстың алдында құлдық мінездің сіңіп кетуі еді. Қалың қазақ мекендеген Шымкенттің өзінде рухы төмен, ұлтық намысы оянбаған қандасының көп екеніне Өмірзақтың көзі жетті. Осы рух пен намысты көтеру үшін Өмірзақ 2002 жылдан бастап газет бетіне мақалалар жазуға кірісті. «Үздік автор» ретіне оқырман қоғамына танымал болды. 2004 жылдан бері біржолата журналистік жолға шығып «Жалын» жорналы, «Жас Алаш» газетінде жұмыс істеді. «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы болды. Қазіргі кезде өзі ұйымдастырып, қаражат тауып ашқан «Қазақия» атты республикалық қоғамдық-саяси газеттің бас редакторы. Енді Өмірзақтың баспасөз бетіндегі батырлық, ерлігіне көшейік. Бұл ерлік тәуелсіздікке жеткен қазақ халқының бүгінгі жанайқайын бүкіл-халыққа жеткізу. Жау қайдан шықты, оның «тегі мен төркіні» кім екенін анықтап беру. Ал қазақтың қазіргі жан айқайы сонша көп, оның бәрін газет бетінде жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, Өмірзақтың кейбір өзекті мақалаларын түйіндеп, шолып өтуге тура келеді.Ең басты мәселе - мемлекеттің экономикасының, демографиясының дамуы. Халықтың саны сапасына әкеледі. Өмірзақ шет жерде жүрген қандастарымызды өз жерімізге қалайда түгел көшіріп әкелу керек деп үнемі жазып келеді. Өкінішке қарай, жыл сайын отанына оралған қазақтың саны азая түсуде: 2011 жылы – 47112 адам, 2012 жылы – 39401 адам , 2013 жылы - 23000 адамға таяу. Атқарушы органдар берекесін кетіріп, көш іс жүзінде тоқтауға айналды.

Қазақ халқына өте жақын халық – ноғай халқы. Ресейден Қазақстанға келіп тұруға біздің мемлекет басшыларына олар хат та жазған. Бірақ, басшыларымыз ноғай тұрмақ өз қазақ халқын отанына жолатар ниет танытпай отыр. Қазағымыздың санын азайту сыртқы саясат болса, ішкі саясатында да намыссыз билік болашақта қазақ ұлты жоғалатынына жол беріп отыр деп жазды Өмірзақ «Қазақия» бетінде.

Тіл мәселесі, ұлттық мемлекет құру мәселесі де бізде де қағыс қалған. 2009 жылы күзде «Ура, Қазақстан енді АҚШ, Бразилия секілді құрама мемлекет болады!» деп алақайлаған орыс журналисінің «Ответ национал-патриота журналисту-провокатору или чего так боится Сергей Дуванов», «Старые песни Сергея» деген мақалаларымен бетін бері қайырған, қазақ тілінің Туын көтеруші болудың орнына оны жерге тығумен тынбай айналысқан атақты қазаққа қарата «Олжас «умер», да здравствует Алжас!» деп, сабасына түсірген, жеген нанын ақтау үшін қазақты тек тұқыртуды білетін Т.Байтүкенов секілділердің бет-пердесін сыпырған «О казахах ...или плохо, или ничего» мақалалары қоғамда серпіліс тудырған болатын.

Шетелдіктермен некеге тұрған отандастарымыздың 50пайызы Ресей азаматтарымен некелеседі екен. Соңғы жылдары түрік, қытай, араб «күйеу балалардың» саны көбейіп барады. ҚР «Неке және отбасы туралы» заңында шетел азаматтарымен некелесуіне ешқандай шектеу қойылмаған. Елімізде заңдық жеңілдіктерге ие болу үшін қазақ қызына үйленіп, соңынан балаларымен қоса далаға тастап кеткендер де жеткілікті. Айжанат атты азаматша «Қазақия» бетінде «Өз басым жат ұлтқа тұрмысқа шығу дегенді өз Отанымызды опасыздық,сатқындық жасаумен тең деп түсінемін» дейді. Қазақы болмыстан ажырамаған, ұлтжанды, иманды отбасында тәрбиеленген қыз ешқашан да басқа ұлт өкілінің балағына жармаспайды. Бірақ, қыздардың көпшілігі ауыл күйреп, өндірістер жабылып, қалаға ағылғанда үйсіз, жұмыссыз қалғандықтан жат ұлтқа тұрмысқа шығуға мәжбүрленді. Тек қана Алматының өзінде (2011 ж.дерек) 5000 астам қазақ қызы қытай еркектеріне қосылған. Олардан туған балалар ешқашан қазақ болмайды. Шағын ауылдарды жою немесе қалаға қосу– бұл да биліктің іс жүзінде қазақ халқын өсірмеу жолы. Бұл - кең даланы иесіз қалдыру деген сөз.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы төмендегені туралы Өмірзақ газетінде нақты мысал келтірген. Шымкент қаласына 15-30 шақырымда орналасқан елдімекендерді қосу халыққа пайдасынан зияны көп болды. «Голощекин: «Қазақтың малын алып, өзін құрт» десе, бүгінгі әкімдер «Қазақтың жерін алып, малын құрт» дей ме?» Осындай салыстыру арқылы (2.04.2014 жылы) Өмірзақ қазақтың қайнар көзін жоюға бет алған биліктің саясатын қалын оқырманға жеткізгені - батырлық емес пе?

Қазақ халқының төл мәдениетін, тарихи шындықты, ақиқатты жасырып, өз көленкесінен өзі үркіп жүрген газет, жорнал басшылары әлі де жеткілікті. Мысал, Х1Х ғасырдың аяғынан бері қазақтың ауыз әдебиетінің асыл мұрасы «Қыз Жібек» дастаны қалай бұрмаланғанын қорқақ басшылар жариялаудан бас тарты. Тек қана Өмірзақ Ақжігіт «Қазақия»газетінде «Тарихи шындық - ауыз әдебиетінен» зерттеуші автордың мақаласын жариялаған. Қазақстандағы білім, ғылым саласына арналған мәселелерді Өмірзақ «Қазақия» бетіне «Жемқорлық, жағымпаздық жайлаған ел... Осы ма болашағын ойлаған ел?» айдарымен шығарады. Осы айдардың өзі мемлекетіміздің дамуы бұлыңғыр жағдайда екенін айғақтап тұр.

Қазіргі министр А.Сарінжіпов жоғары оқу орындарына автономия беру керек деп шауып жүр. Бәлкім, Батыстан көрген тәлімін қазаққа орнатпақшы. «Сонда табиғаты мен танымы, салт-санасы, діні, сенімі басқа халыққа ол автономия жаға қоя ма?» дейді «Қазақия» газеті.

Өмірзақ Әбдіуәліұлының «Қазақия» газеті бетіне шығарған ерлігін айта берсек газет беті жетпейді. Сондықтан айтқанымызбен шектеліп қортынды жасайық.

«Қазақияның» ұстаған бағыты ұлт - қызметшісі деген мәртебеге лайық болу. Бағдары – оңға үкіметке де бұрмай, солға оппозицияның да сойылын соқпай, шама келгенше қара қылды қақ жарған, әділдікті ту етіп көтерген шынайы ақпарат пен мәлімет беретін, мәселені өткір көтеретін, жалаң сынаумен ғана айналыспай, өз ұсынысын да жолдап отыру. Басылымның басымдық беретін тұстары - қазақ елінің өндірісінің, ғылым мен білімін дамытуға барынша атсалысу, қазақ рухының қайтадан көкке көтерілуі, жас ұрпақты сонау 7-ғасырдың өзінде-ақ қағанат құра алған, тамыры тереңге кеткен қайталанбас ерекше мәдениеті мен бай әдебиеті бар, бес мың жылдық тарихы бар, адамзат өркениетіне қосқан үлесі ауыз толтырып айтарлықтай ұлттың ұрпағын тәрбиелеу».

Аға буын өкілі, ақын, жазушы Жұманазар Сомжуректің «Қазақия» туралы айтқаны: «Мен армандаған газет сен болармысың, «Қазақия»?

Міне, Өмірзақ секілді казіргі қазақ батырлары кіммен шайқасуда? Олардың шайқасы - іштен шыққан жаумен. Ал бұл жау сөзбен өз халқын жарылқаймын дейтін, іспен өз халқын тоздыруға бет алған биліктегі мәңгүрттер. Өмірзақ Ақжігіттің ісін, «Казақия» газетін халық қолдап отырғаны, бұл Дүкеңнің: «Батырын қолдайтын халқы қайда?» деген сұрағына жауап.

Мен өзім, Өмірзақ Әбдіуәліұлын, рухани інімді 60 жасқа келген мерейжасымен құттықтаймын. Денсулықтың арқасында 70 жасқа келгенінде, іштен шыққан жауды жеңуге қосқан үлесің мол болып, Құдай қаласа, мерейтойыңды қазақтың батырлары тойласын қазақтың батырлары тойласын деймін.

Төлеубек Сейтқалиұлы -

Қазақстан азаматтық «Азат» қозғалысының

бұрынғы төрағасы, профессор, Қазақстан Республикасының

сәулетшілер және Журналистер одағының мүшесі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401