Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 11744 1 пікір 27 Қазан, 2014 сағат 12:33

БҰЛ ҚАНДАЙ ӘКІМ?

"Құрметті Abai.kz редакциясы! Тәуелсіздігіміздің басты жауы - жемқорлық, әділетсіздікпен бірге күресу бәріміздің міндетіміз. Бұл мақалада да нақты дәйектер келтірдік. Бұл деректерді тіпті Президенті әкімшілігіне дейін жазып едік бірақ нәтиже жоқ, енді бүкіл ел білсін деген ниетпен тағы мақала ғып жаздым өздеріңізге. Өз оқырманын табарына сенеміз. Ақтөбе ауылы тұрғындарынан".

 

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ақтөбе ауылының әкімі Б.Байдаулетов туралы аз айтылып жүрген жоқ. Мен көп жылдар бойы Шу ауданы, Ақтөбе ауылындағы Қ.Сәтбаев мектебінде ұстаз болып, зейнетке шықтым. Сол уақытта қазіргі ауыл әкімі Б.Байдаулетов менің оқушым болған. Өзінің аты-жөнін әрең жазып жүрген білімсіз Б.Байдаулетов қазір ауылдың әкімі. Мен оның әкім болғанына еш дауым жоқ, бірақ ауыл халқына, ауыл тұрғындарына кері әсер етуде. Ауылда мектеп оқушыларының өзі: «Несіне сабақ оқып басымызды қатырамыз, дымды білмейтін, өз атын жаза алмайтын Б.Байдаулетов те әкім болып отыр ғой, біз де сол секілді бәрін сатып аламыз, қазір заман білімдінікі емес, тек ақшаныкі» деп оқуға, білімге деген ынта-жігерлерін жоюда. Міне осының өзі парақорлық жайлаған осы заманның ұлт болашағына қалай кері әсер етіп отырғандығын аңғартпайды ма?!

Біздің қоғам қалай алға басып, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енеді, егер де білімсіз Б.Байдаулетов секілділер ел басқарса?! Жастарға үлгі болса?!

Қ.Сәтбаев мектебінің сол уақыттағы директоры болған Х.Нұрғалиев және екі орынбасарлары Б.Жантаев, М.Ахметжановтардың қолдары қойылған  анықтама Б.Байдаулетовтың мектепте қалай оқығандығын дәлелдесе керек. Бұл анықтама Б.Байдаулетовтың әкесі Жұмабек Байдаулетовке жазылған. Және анықтамада «Байдаулеов Алешка» делінген. Ауыл халқы Бағлан Байдаулетовті «Алешка» деп кеткен. Сондықтан да осылай жазылған. Тіпті бұл анықтамада Б.Байдаулетовтың мектептің мүлкін ұрлағандығы анық жазылған. Б.Байдаулетов осы ұрлығын әлі күнге дейін қойған жоқ. Өзі әкім болып отырған қазіргі уақытта мемлекет мүлкіне қол салуда. Яғни мемлекет қаражатын заңсыз жолдармен жымқыруда. Оның бір дәлелі Б.Байдаулетов өзінің қызметтік куәлігін Шу қаласындағы «Ұлар» қонақ үйіне кепілге тастап, мемлекет қаражатын жымқыру үшін қонақ үйден заңсыз құжаттар жасатқан. Оған  Б.Байдаулетовтың қызметтік куәлігі көшірмесі мен  аудио жазбалар дәлел бола алады. Аудио жазбада «Ұлар» қонақ үйінің әкімшісі Әшіркүл Шуратбаева әкім Б.Байдаулетовке жалған құжат жасап бергендігін өзі баяндап береді.

 Баяғыда кеңес кезінде Ақтөбе ауылындағы (сол уақыттағы ауыл атауы: коммунизм) дүкенде сатушы болған Балуан деген бір ағамыз 20 тиын жегені үшін екі жылға сотталып кеткендігіне бүкіл ауыл куә болған еді. Мен бұл жерде баяғы заманды аңсап отырғам жоқ, тек сол кездің тәртібіне қайран қалам. Ал, қазір әкім Б.Байдаулеов өз інісі Н.Байдаулетовке заңсыз айлық жазып, мемлекет мүлкіне залал келтірсе де әлі бір жазасын алмай әкім болып отырғанына таңым бар... 

 Сондай-ақ Б.Байдаулеов Ата заңымызда ерекше қорғалған, ҚР Тәуелсіздігінің басты нышаны – ҚР Туын қорлауда. Қашан Ақтөбе әкімшілігінің алдына барсаң, маңдайшасындағы алба-жұлба, жыртық-жыртық болған туды көресің. Бұл да Б.Байдаулеовтың ұлт рәміздеріне деген құрметсіздігі, патриотизмнен жұрдай, ҚР Мемлекеттік қызмет заңын аяққа басып, Ата заңымызды аяққа таптап жүргендігінің көрінісі. ҚР рәмізінің Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ақтөбе әкімшілігінің маңдайшасында қалай қорланғандығына суреттер дәлел бола алады. 

Б.Байдаулеовтың осыншама қылмыстарын Шу ауданы әкімі Б.Нұркеновке, Жамбыл облысы әкімі К.Көкрекбаевқа да арыз жазып айтқан болатынмын және басқа да ауыл тұрғындары айтқан болатын. Бірақ Жамбыл облысының әкімі К.Көкрекбаев және Шу ауданының әкімі  Б.Нұркенов осындай  әкімді барынша қорғауда. Неге?! Не үшін?!

 

 Б.Ылшыбаева, Жамбыл облысы,  Шу ауданы

Ақтөбе ауылы тұрғыны

және басқа да ауыл тұрғындарынан


Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302