Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 11055 0 пікір 24 Қазан, 2014 сағат 11:05

ҚЫРҒЫЗ СОМЫ 14%-ҒА ҚҰНСЫЗДАНДЫ

Жыл басынан бері қырғыз сомының долларға шаққандағы бағамы 14%-ға арзандады. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.

«Көрші елдердегі барлық жағдай қырғыз сомының бағамына әсер етеді. Бұл Ресейге қарсы санкциялар және Қазақстан мен Ресей саудалайтын мұнай бағасының бір барреліне 105-тен 86 долларға дейін төмендеуі», – деп мәлімдеген Қырғызстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Нұрбек Жениш.

Оның айтуынша, ұлттық валютаның арзандауы тек Қырғызстанда ғана емес, бұл үрдіс басқа елдерде де байқалады, өйткені бұл жаһандық үдеріс.

«Халықаралық қаржы нарығында басқа валюталарға шаққанда доллар позициясының нығаюы байқалады. Осы жылдың қаңтары мен 23 қазаны аралығында доллардың қырғыз сомына шаққандағы бағамы 14%-ға, теңгеге шаққанда 17,48%-ға, рубльге – 25,44%-ға, швецариялық франкке – 5,56%-ға, ағылшын фунтына шаққанда 2,70%-ға өсті», – деді Қырғызстанның Ұлттық банкі төрағасының орынбасары.

Н.Жениш доллар бағасының ауытқуы сыртқы факторларға, яғни Еуропада экономикалық ахуалдың нашарлауы мен бірқатар маусымдық факторға тікелей байланысты екенін атап өтті.

Естеріңізге салсақ, биыл жылдың басында Қазақстан теңгесі 30 пайызға құнсызданған еді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2579
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 719
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 683