Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4223 0 пікір 16 Қазан, 2014 сағат 14:09

ПАРИЖДЕГІ АСТАНА КҮНДЕРІ

31 қазан мен 3 қараша аралығында Франция астанасы Париж қаласында Астана күндері өтеді. Елордалық делегация жұмыс сапары аясында француз әріптестерінің білім, мәдениет, қала құрылысы және т.б. салалардағы тәжірибесін зерттейді.

Астана қаласы әкімі аппараты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана күні аясында дөңгелек үстелдер өткізу, мәдениет пен білім беру нысандарын аралау, жергілікті Заң шығару кеңесінің депутарттарымен кездесу көзделген, сонымен қатар, көшпелілердің мәдениетімен және тұрмысымен таныстыру мақсатында «Қазақ ауылы» экспозициясы ұйымдастырылады.

Париждегі Астана күні 2 қарашада «Опера Бастилия» театрында өнер шеберлерінің «Азия дауысы» атты гала-концертімен аяқталады.

Концерттік бағдарлама екі бөлімнен тұрады. «Астана Опера» театрының жетекші солисті Жұпар Ғабдуллина кеш көркін келтіреді, сондай-ақ, Денис Мацуев, Ильдар Әбдіразақов, Алан Бөрібаев, Ержан Құлыбаев, Альберто Газале және «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хор шақырылды.

Бірінші бөлімде көрермендерге Денис Мацуевтың қатысуымен фортепианоға арналған концерт ұсынылады. Сонымен қатар, Е. Рахмадиевтің «Құдаша думан», Н. Меңдіғалиевтың «Домбыра туралы аңыз» симфониялық күйлері орындалады. Дирижері -«Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі Абзал Мухитдинов.

Екінші бөлімде көрермендер Дж. Вердидің «Аттила» операсының концерттік нұсқасын тамашалайды. Әлемдегі ең үздік бас иесі Ильдар Әбдіразақов басты партияны, Одабелланы Жұпар Ғабдуллина орындайды. Дирижері - әлемге әйгілі Алан Бөрібаев.

Айта кетейік, Париж театрында тек «Оперы Бастилия» ұжымы ғана өнер көрсетеді, мұнда басқа театрлармен бірлескен қойылымдар өте сирек қойылады. Театр дирекциясының атап өтуінше, тарихта алғаш рет шетелдік труппа «Оперы Бастилия» сахнасында Париж труппасынан бөлек өнер көрсетпек. Астана әртістері үшін бұл үлкен құрмет пен жауапкершілік, сондай-ақ, Қазақстан мен Астана туралы әлемнің ең үздік сахналарының бірінен мәлім ету мүмкіндігі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434