Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 7882 0 пікір 16 Қазан, 2014 сағат 11:10

«ТІЛ САҚШЫСЫНЫҢ» АЛҒАШҚЫ ЖЕТІСТІГІ

Алматы қаласында Мемлекеттік тілді дамыту институтының бастамасымен «Тіл сақшысы» атты қоғамдық қозғалыс ашылып, өз жұмысын бастап кеткенінен хабардар шығарсыздар. Ұйымның мақсаты – жарнамадағы қазақ тілінде кеткен қателерді тауып, оны түзету жолында жұмыс жасау. Оған қаламыздың кез келген тұрғыны мүшелікке кіріп, өз септігін тигізе алатындығын айтып өткеніміз жөн.

Мысалы, бүгін «тіл сақшысы» магистрант Ұлан Бектұрсын метрода «Greenmart» компаниясының жарнамасынан қазақ тілінде кеткен қатені көріп байланысқа шыққан еді. Институт қызметкерлері аталмыш компанияға қоңырау шалып, мән-жайды сұрастырды. Нәтижесінде «Greenmart» компаниясының қызметкерлерді іріктеу бойынша менеждері Галина Демурина шағымды аяғына дейін тыңдап шығып, мекеме атынан кешірім сұрап, орын алған келеңсіз жайтты басшылыққа жеткізетінін айтып сендірді. Сөзіміз дәлелді болуы үшін менеджердің электрондық мекенжайына түсірілген фотоны да салып жібердік. Енді қатені түзеулерін күтеміз.

Бұл – бірінші күннің жеңісі. Алда біз әлі талай толағай жеңіске қол жеткіземіз деген үміт бар. Сол себепті бейжайлық танытпаңыздар, «мүмкін емес» деп ұнжырғаларыңыз түспесін, қатарымызға қосылыңыздар!

 

Жазира Байдалы,

Мемлекеттік тілді дамыту институтының редакторы

 til-adebiet@mail.ru

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1209
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2732
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 867
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 823