Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 5191 0 пікір 19 Мамыр, 2010 сағат 03:26

Қанат ӘБІЛҚАЙЫР. Қазақтың «порножұлдызы» - Аида

Айтуға ұят. Айтпауға тағы болмайды. Осы аптаның басында басымызға жай түсірер жайсыз хабар келіп жетті. Қазақтың қыздарының арын қорлайтын порнографиялық фильм сатылымға шығыпты. Хабар жетісімен сол дискіні іздестіре бастадық.

Көк базардың маңы

Айтуға ұят. Айтпауға тағы болмайды. Осы аптаның басында басымызға жай түсірер жайсыз хабар келіп жетті. Қазақтың қыздарының арын қорлайтын порнографиялық фильм сатылымға шығыпты. Хабар жетісімен сол дискіні іздестіре бастадық.

Көк базардың маңы

Ығы-жығы халық. Санама өрмекші торын құрып тастаған. Сол шырмалған тордың арасында шырылдаған шыбын жанның дауысы естіледі. Қазақтың қызы болмаса екен. Онсыз да көресені көрген аруларымыздың бетіне күйе жағылмаса екен. Тіпті, Алматыда түсірілген порнографиялық кино болса да, ұлтының басқа болғанын қаладым. Топ дискі сатып тұрған өзім құралпы қазақ жігітіне жақындап қалыппын. Сезік тудырмасын деп қолыма ұстаған апталық газеттерді ішіме сүңгітіп жібердім.
Дискі алып тұрған үш қыздан қымсынып біраз тұрдым.
- Сұрай беріңіз, - дейді сатушы. Кібіртіктеп қалсам керек. Әр дискіге бір үңілем. Қыздар кеткен соң:
- Порнографиялық кинолар бар ма, - дедім.
- Бар. Қандайы қажет?
Қолыма бірнеше дискіні ұстата салды. Қарап жатырмын. Арасында іздегенім жоқ.
- Қазақтың қыздары жайлы жаңа дискі...
- АГУ-дің қыздары жайлы ма? Ол қымбат тұрады.
- Қанша?
- Мың теңге.
- Соның біреуін бер.
Сатушы әлдебір жерге жүгіріп кетті. Көп күттірмеді. Танауынан жел есіп ентіге басып жеткен жігіт:
- Ол дискі бітіп кетіпті. Ертең ертеңгісін ала келейін, - деді.
- Телефон нөміріңді жазып алайын. Бүгін касетаны таппасам қоңырау шалармын, - дедім.
Сатушы тонын ала қашты.
Көк базардан төмен қарай ылдыйладым. Тағы да бір топ дискі сататын жерге келдім. Бұл жерден іздегеніміз оңай табылды. Сыртына «Алма-Атинское порно», «Студенты АГУ», «Любительские съемки» деген жазуы бар дискінің бетіндегі жалаңаш әйел назданып тұр. Дереу қалтама сүңгітіп жібердім де, мыңдықтың құлағын шығардым.
Санам сан саққа жүгіріп кетті. Мынау мешіттің маңындағы дискі саудалайтындардың өзі қамсыз қазаққа қандай қатер төндіріп тұрғанын білмейміз-ау... Мұнда не жоқ? Бүгін кинотеатрда көрсетілетін фильм, ертең осы жерден табылады. Заңсыз көшіріліп, заңсыз сатылады. Кімге саудалағысы келсе, соған береді. Ол бала ма, шаға ма, ешкімнің шаруасы жоқ. Олар ақша тапса болды. Қалғаны құрып кетсін. Топан су басса да, тобығымен су кешіп жүре береді.

Аиданың ары

Көзбен көрмегенге сенбейтін қазақпыз. Сорақылығы сол - «біз ешкімнен де кем емес екенбіз». Бас аяғы бес минутқа созылатын «қазақы-порно» маған осыны ұқтырды. Рас. Елірген жасөспірімдер Алланың өзі жасырған күнәлі істі қалтафондарының камерасына түсіріп, бір-біріне таратып жіберетін жайлар қазір көптеп кездеседі. Бірақ, мынау нақты дискіге көшірілген нұсқасы. Мұндай сұмдық бұрын-соңды болмаған-ды. Ондағы азғындаған қатынасты суреттеп, әспеттеу артықтау болар. Барып тұрған азғындық. Қазақылап айтқан кезде қарындасымызға («Әр қазақ менің жалғызым» деген аксиомаға сүйеніп отырмын) екі жігіт артылады. Өкініштісі олар да қазақ. Шұбар тілділердің бірінің беті бір кадрда жартылай көрініп қалды. Ұрынарға қара таппай жүрген балаң жігіттер секілді. Айқас алаңы жатақхананың бөлмесіне келетіні де рас. Бірақ, анық емес. Көк һәм сарғыш шақпақты ортасында ақ жолағы бар «матрастар» соны дәлелдеп тұр. Әу басындағы 2-3 секунд бір қарайып, бір ағарып сапасыз камера (қалтафонның камерасы болса керек) бұлғақты салғысы келді. Бірақ, бертін келе қыз мүсіні айқын көріне бастады. «Анаңның аузын...» дегендей қарындастың оймақтай аузына соғыс ашқан пәтшағар қыздың тісімен алысып әлек. Ара-тұра біраз дөрекі қимылдар жасап, қаймыққан қызды икемдеп алады. Біраз уақытқа созылған іс, жас жігіттің дегбірін алды білем. Назарын төменгі қапталға аударды. Яғни, негізгі ісіне көшті. Дәл сол сәтте дауысы ғана естіліп, камераға түсіріп тұрған жігіттің ұятты жері көрінді. Дәл бір азғындаған шет елдегідей ол да оймақтай ауызға шабуылына кірісіп кетті. «Аида бес-ақ минут шыдашы» деген балаң жігіттің дауысы қаныңды қайнатып жібереді екен. Екі жігіттің бір қызды ортаға алуы аты өшкір шетел азғындарының ісі сияқты еді. Енді міне... Көрдік. Жиіркендік. Көрмегеніміз осы еді. Аиданың ары «қос құлқынның» табанында тапталып жатты. Анығында күллі  барша қазақ қыздарының ары емес пе еді, бұл?...

Қазақтың алдында жауап берулері керек

Әуектетіп қайтеміз. Қазақтың беті күйе-күйе. Кім жақпады оны?. Әлем алдына қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Борат қазақтың атынан қарындасын төсекке сүйрелеп масқарамызды шығарып,  намысымызға солай тиген. Бірақ, «ләм-мим» дегеніміз шамалы. Артынша оған жауап ретінде қазақ қыздарының арлылығы туралы фильмдерді жаудыруымыз керек еді. Оған қауқарсыз болдық. Керісінше, сол кинодан үлгі алғандай көркемдікті ышқырдан іздейтін бірқатар фильмдер түсіріп тастадық. Атап айталық. «Аңшы», «Қарой», «Әке қорлығы», «Шиза», «Түнгі блюз», «Келін», «Қайрат-Чемпион», «Махаббат тәлкегі». Не берді? Ештеңе де. Алаш оғландарын аздырды. Міне, соның көрінісі іспетті жайма базардың саудасын жастарымыздың азғын қылығы қыздырып жатыр. Бәрінің аузында АГУ-дің қыздары.
Екі санасыздың ісі деп кешірер едік. Мұндай санасыздар елімізде аз ба? Әркім білгенін істесе, еліміз порнографиялық фильмдер түсіруден көш бастап кетпей ме? Біріншіден атауынан ат үркетін Абай атамыздың атындағы Алматы Ұлттық Педагогикалық Университеті үшін ұят. Неге? Себеп, сол университеттің студенті болсын, болмасын дискілердің сыртындағы жазу біраз мәселе туындатады. Дереу оқу орны басшылығы бұл істің анық-қанығына жетуі керек. Ақталудың қажеті жоқ. Яғни, осы мәселені көтерген баспасөз құралдарымен емес, студенттермен айналысуы қажет-ті. Сосын... Біздің елде заң бар. Сол бір төсекте ес-түссіз қылымсыған қаншық (солай деуге мәжбүрмін) әр қайсымыздың қарындасымыз, қызымыз, әпкеміз... Бірнеше жылдан соң, анамыз... Сол себепті бес минутта «порножұлдыз» атанған Аиданы тауып, жаза кесу керек. Қазақтың басқа арулары заң бар екенін білсін. Ал, әдірем қалғыр «екі ақымақ» заң алдында жауап беруге тиісті. Неге дейсіз бе? Дискі қабының сыртында «казахское порно» деген сөз тұр. Яғни, күллі қазақтың көрінісі деген сөз. Оның «геройларын» тауып, жазаға тарта алмаса Алматы қаласының ішкі істер департаментіне сын. Біздің айтарымыз осы. Сіз не дейсіз?

 

«Болашақ» газеті, мамыр, 2010
Түпнұсқадағы тақырып: Қазақтың «порножұлдызы» немесе АГУ-дің Аидасы жайлы ақиқатты кім айтады?

 

0 пікір