Қазақстандық елші Мәскеуде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Мәскеу. 8 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның Ресейдегі елшісі Әділбек Жақсыбеков Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың атындағы мәскеулік № 891 мектебінде Жеңіс күні құрметіне өткен салтанатқа қатысты, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.
Қазақ халқының Қаһарман қызының ерлігін еске алып, құрмет көрсету үшін соғыс ардагерлері, оның полктас жауынгерлері, Қазақстандық студенттер және Мәскеудегі Қазақ диаспорасының өкілдері келді.
Ә.Жақсыбеков батырдың мектепте орнатылған мүсініне гүл шоқтарын қойды. «Сіздің мектепке берілген есімді Қазақстанда да, Ресейде де аса құ рметтейді. Бұл –екі мемлекеттің тарихы ортақ екенін дәлелдейтін көптеген деректердің бірі, – деп атап көрсетті Қазақстан елшісі сөйлеген сөзінде. – Біздің халықтар көптеген ғасырлар бойы қуаныш пен қайғыны бірлесіп бастан кешірді. Біз ХХ ғасырдың ең қорқынышты соғысы – Ұлы Отан соғысында бірге соғысып, жеңіске жеттік», - деді дипломат. Оның сөздерін баспасөз қызметі келтіріп отыр.

Мектеп директоры Анна Коркина елшіліктің қамқорлығы мен қолдауы үшін үлкен алғыс білдірді. Ол Қазақстан бұл мектепті бұрыннан қамқорлыққа алғанын атап көрсетті. Елшіліктің қолдау көрсетуімен мектептегі Әлия Молдағұлова мұражайының алаңы кеңейтіліп, экспозициясы толықты, Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында мектептің алдына батыр қыздың мүсіні мен естелік тақта орнатылды. Бұл жерде жыл сайын жаңа оқу жылы ашылады, ал 2006 жылдың маусымында 10 оқушы мен 8 ұстаздан құралған делегация Қазақстанның елордасы Астанаға сапар жасап қайтты.
Мектеп орналасқан көше де Ә.Молдағұлованың есімімен аталады. 1942-1945 жылдары мұнда әйелдердің орталық снайперлік мектебі орналасқан. Ол 2200 снайпер қызды дайындап шығарды. 1943 жылы 18 жастағы Әлия осы мектепті бітіріп, 54-ші жеке атқыштар бригадасының 4-ші батальонының снайпері (22-ші әскер, 2-ші Балтық маңы майданы) атанды.
Әлия Молдағұлова 1944 жылдың қаңтарында Псков облысының Казачиха деревнясының түбіндегі қырғын шайқаста ерлікпен қаза тапты.