Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 6838 0 пікір 1 Қазан, 2014 сағат 08:29

ХI форум: ПУТИН БЕТ-АУЫЗЫМЕН ӘУРЕ БОЛДЫ

 

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай алдымен  ресми ақпарат көздерін шолып өтейік:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейді  15 км тереңдіктегі ұңғыманы бұрғылау бойынша «Еуразия» жобасына қатысуға шақырды. 

РФ президенті Владимир Путин Атырауда өткен өңіраралық ынтымақтастықтың ХІ форумы барысында Қазақстан мен Ресейдің шекаралас ынтымақтастығын жоғары бағалады.

Форум барысында Қазақстан мен Ресей мамандары бірігіп Атом электр стансасын салатындығы туралы сөз шыққан болатын. Алайда Қазақстанда АЭС салынатын орын әзірге анықталмады, деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник.

Қазақстан мен Ресейдiң өңiраралық ынтымақтастық форумы аясында Солтүстiк Қазақстан мен Челябi облыстары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан мен Ресей Орынбор газ өңдеу кешені базасында инновациялық газ-химия кластерін құру жоспарланды. Бұл туралы  кеше Атырауда өткен Қазақстан-Ресей ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумында  Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг айтты.

Башқұртстан Президенті Уфа мен Қазақстан қалалары арасында тікелей әуе рейсін ашуды ұсынды.

Өңіраралық ынтымақтастықтың ХII форумы келесі жылы  Уфа қаласында өтетін болды. 

 Жоғарыдағы жайттарды еліміздегі БАҚ біткен жарыса таратып жатыр. Ал, біздің тілшіміз әріптестеріміздің көзінен таса қалған мына бір қызықтарды да баян еткенді жөн көріпті.

Қысқасы,  форум басталғаннан Путин өзінің беті-ауызымен әуре болды. Екі президент орындарына келіп отырғаннан кейін, артық сөздер айтылмастан, кездесу басталды.

Бірінші біздің Елбасы сөз алды.

Алдымен оң қабағын, сосын сол қабағын қасыған РФ президенті жаңадан салынған Салтанат Сарайының төбесіне көзін төңкеріп ұзақ қарады. Сәлден кейін ұялған болуы керек, басын қозғалтпай, көзінің қиығымен ғана қарауды жалғастырды. Біресе алдындағы микрофоннын ұстап, біресе өз қолымен ойнап отырған Путин сөз алғанда біздің Елбасының да залдан әлдекімді іздегендей қимылы байқалды.

Екі президенттің де көңіл күйі керемет емес секілді көрінді. Залда тек күлімдеп отырған Шүкеевті ғана аңғардық. Досаевтың терең күрсінгенін телеоператорлар да байқап қалыпты.   

Путиннің ұйқысы келген сияқты. Есінегісі келіп, өзін өзі ұстады, ауызын ашпай, ішінен есінегені сезілді.  

Школьник сөйлегеннен кейін оның ресейлік әріптесі Новак сөз алды. Манадан жан жағына қарағыштап, бір-біріне мүлде қатысы жоқ сияқты болып отырған екі президент Новак бес минут сөйлегенде бірін-бірі жаңа көргендей еңсеріле бұрылып, еңкейіп отырып екі рет сөйлесті. Үшінші рет бас түйістіре сөйлескендерінде көңілді бірдеңе айтылған болуы керек, жадырап күліп алды. Екеуі де.

.

Ізмұхамбетов, Юрий Бергтер сөйледі.

Башқұрт президенті Хамитов сөйлегенде Елбасы әлденені қағазға түртіп отырса, Путин саусақтарын айқастырып, тағы да қолдарымен ойнап отырды. Хамитов келесі форумды 2015 жылы Уфа қаласында өткізуді ұсынды.

—    Мына Салтанат Сарайын оралдықтар 8 айда салып шықты, — деп күлді біздің президент.

—    Мы тоже справимся, — деді Хамитов.

Путиннің сарайдың төбесіне соншалықты сұқтанып қарағаны түсінікті болды.

Отырыс аяқталғанша бет-ауызымен әуреленуді Путин тоқтатқан жоқ. Соңғы жағында іші пысқандай стол үстін саусақтарымен әлсіз ғана ұрғылап алды да, сол құлағын қасып, маңдайының терін сүрткендей, әлде қасығандай қимыл жасады. Байқатпай ернін тістелеп, әйтеуір отырысты аяқтады.

(Сегіз айда салынған Атыраудағы Салтанат сарайы)  

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328