Жұма, 16 Мамыр 2025
Қаза 7116 0 пікір 30 Қыркүйек, 2014 сағат 08:10

АРЫСЫМ...

                                         Арысым...

                                  ( Таласбек Әсемқұловқа...)

 

Текті едің –

                          Қарт емендей тамырлы ең!

Бетті едің –

                         Тау суындай арынды ең!..

Өткір ең – сертке ұстаған семсердей

Қайда салса қарымды ең!..

 

Дарының гауһар тастай сан қырлы,

Адымың хас тұлпардай алымды

Атайы ең – амал қанша азуың

Қара тасқа шағылды!..

 

Тұлпарым, танымың елден ерек еді!

Сұңқарым, білімің түпсіз терең еді!

Мақсатың мүлде бөлек еді –

Жеткізбей қойды-ау не керек?!

 

Жұлдызым, себілмей нұрлы жалының,

Сөгілмей гүлді қауызың!

Төгілмей сырлы саз үнің –

Мезгілсіз сөнді-ау жарығың!..

 

Арысым! Арманың көп еді аңсаған,

Ашылмай қойды-ау жол саған!..

Дос таппай ойсыз ортадан –

Сөнді ме жүрек шаршаған?!

...Не дейін енді мен саған?!

 

Кенжебаев Тұрмағанбет Ердешұлы.

Астана. 28. 09. 2014 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2671
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4364