ҚЫЗЫЛОРДАДА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
Жуырда Қызылорда қаласында әлеуметтік жоспармен бой түзеген тағы бір нысанның ашылу салтанаты болып өтті. Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің студентер үйінің іргетасы 2013 жылдың 20 маусымында қаланып, толықтай бітіп, іске қосылды. Студенттер үйінің құрылыс-монтаж жұмысын
«ГрандТехноСтрой» мердігерлік мекемесі атқарды. Ғимарат құрылысына 135 млн. теңге көлемінде колледж құрылтайшылары есебінен қаржы бөлінді. 2800 шаршы метрді құрайтын, 200 орынға арналған студенттер үйінде оқушыларға барлық қолайлы жағдай жасалған. Атап айтсақ, кітапхана залы, студенттер асханасы, компьютер класы, акт залы оқушылардың сабақ оқуы мен демалуына толық мүмкіндік береді.
Абай-ақпарат