Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4992 0 пікір 23 Қыркүйек, 2014 сағат 15:08

ШЫҢЖАҢДА ҰЙҒЫР ҒАЛЫМЫ ӨМІРЛІК ҚАМАУҒА КЕСІЛДІ

Тохтыға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы берілді

Ұйғыр профессор Илхам Тохтыға Үрімшіде жабық отырыспен  өмір бойы түрмеге отыру жазасы берілді. Бұл туралы ТРТ-қазақ арнасы хабарлады.

Тохтының адвокаты твидтер парақшасынан жасаған мәлімдемеде Тохтының «Мемлекетті бөлшектеушілік» айыбымен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы берілгенін білдірді.
Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық аймағында Үрімжі Орталық Халық сотында өткен апта екі күн бойы «бөлшектеушілік» айыбымен сот алдына шығарылған Тохтының сот процесі баспасөз бен халықаралық бақылаушыларға жабық өткізілген. Тохты соттың алғашқы күні «бөлшектеушілік» және басқа да өзіне жабылған барлық айыптарды қабылдамаған болатын.
Сот кезінде полиция аймақ және сот төңірегіндегі көшелерді көлік қатынасына жауып, журналисттерге қоса сот отырысына қатысқысы келген баршаны аймаққа кіргізбей қойған.
Бейжіңдегі Ұлттар университетінде экономика профессоры болған 45 жасар ұйғыр ғалым Тохты экономикадан сабақ беретін. Бейжіңде 15 қаңтар күні «бөлшектеушілік» айыбымен тергеуге алынып компьютер, қалта телефоны және кейбір академик жұмыстары кепілдікке алынған.
Осыған байланысты бір қатар Батыс елдері Тохтының тұтқындалуына наразылық көрсетіп, қытайды репрессия жасамауға шақырған. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322