Сенбі, 23 Қараша 2024
Адасқандар 7470 0 пікір 19 Қыркүйек, 2014 сағат 14:28

ҚАРАҒАНДЫ АЗАМАТЫ НОВОРОССИЯНЫ НАСИХАТТАП ЖҮР

ҚР ҰҚК назарына!

Қарағандыда белгісіз күштер ымымен басқарылатын казак әскери ұйымы  пайда болды. Ондағылар бір бірлеріне ойдан шығарылған әскери шен беріп, қаңылтырдан медаль тағып, ештеңе болмағандай Ресей патшалығының формасын киіп алған.

Бір анығы казак ұйымының белсендісі Александр Булавин my.mail.ru, vk.com  сияқты әлеуметтік желілер арқылы сеператизмді насихаттайды. Ол өте-мөте оңтүстік-шығыс Украинадағы Ресей сепаратистеріне қарсы антитеррорлық операцияларды сынайды, сепаратистерге қолдау көрсетуге шақырады.  Әр кімнің өз саяси көзқарасы бар, алайда, бір мемлекеттің тұтастығына қауіп төндірген ел ішіндегі қарулы  сеператизмді  басқа елдің азаматтары қолдауы – үшінші елдің агрессорлық әрекеті болып табылады. Александра Булавинның парақшасында «Донецк халық республикасының» туы ілініп тұр. Ол әскери киім киіп, Украинада сепаратистер жариялаған Республиканың туын қолына ұстап алған және ерекше салтанатпен суретке түскен.  Бұлар суретке түскен Қарағанды атырабы сепаратистер басып алған Украинаның бір елдімекені сияқтанып кеткен. Аталған азаматтың парақшасында орналастырылған сілтемелер мен посттар оның қандай көзқараста екенінен анық хабар береді. Ол Украина ұлтшылдарының интернет бетіне «Смерть укропам!» деп жазған.  Жан алуға шақыратын мұндай сөз соғыс жүріп жатқан Украинада емес, Қарағанды маңында айтылуда. Бұл жазу көп қарсы пікірден кейін өшірілген, алайда интернет қолданушылардың бірі скриншот түсіріп алыпты.  Ұлт араздықты туғызатын бұндай әрекеттер ауыр қылмыс боп саналатыны белгілі.

РНЕ Караганды 13

Булавинның фотоархиві оның көптен бері жалғыз емес екенін көрсетеді. «Казачий вар» деген атаумен тұрған альбомынан соғысқа дайындалуға арналған жаздық лагерді байқауға болады. Онда қатарға тізілу ғана емес бетпе-бет күрестегі ұрыс тәсілдері оқытылған. Тіпті он жастағы баланың қолына қару ұстатып қойған. Фотолардан Украинадағы экстремистер қолданып жүрген «колорада» символын да байқауға болады және мол қару-жарақпен жасақталғаны да көрініп тұр.

Бұған қарап «Ресейдегі сияқты Украин жеріндегі ұрысқа баруға ерікті жасақтар  топтастыратын  ұйым Қазақстанда да пайда болды ма» деген қауіп туады.  Топтастырылып қана қоймай арнайы әскери қолбасшының баптауына түскендей. Осы аптада ғана Қазақстан құзырлы органдары Украинадағы ұрыстарға Қазақстан азаматтары кетпегені туралы хабарлады. Булавинның фотосы сол мәлімдемені терістейтін сияқты.

Бұл мәселемен асқынбай тұрғанда құзырлы органдар айналысады деп сенеміз. Украинадағы сеператизм де осындай "кішкентай" оқиғалардан басталған болатын.

Ақкісі Жанкерім

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387