Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3717 0 пікір 16 Қыркүйек, 2015 сағат 09:08

КӨБЕЙ, ҚАЗАҚ!

2015 ж. 1 тамызға еліміздегі халық саны 17 563,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 9 983,2 мың (56,8%), ауылдықтар - 7 580,1 мың адамды (43,2%) құрады, деп хабарлады Қазақпарат ҚР ИДМ Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2015 жылғы қаңтар-шілдеде халық саны жалпы ел бойынша 145,6 мың адамға немесе 0,8% өсті, 2014 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 254,6 мың адамға немесе 1,47% өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015ж. қаңтар-шілдеде туылғандар саны 231,5 (231,4)  мың адамды құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,72 (23,04) туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 80,0 (78,6) мың адамды құрады, бұл 2014ж. қаңтар-шілдеге қарағанда 1,8% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,85 (7,83) қайтыс болғандарды құрады.

2015 ж. қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімі 2014ж. қаңтар-шілдемен салыстырғанда 1,2 адамға немесе 0,8% азайып, 151,6 (152,8) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,87 (15,21) адамды құрады.

2015 ж. қаңтар-шілдеде республикада 1 жасқа дейінгі қайтыс болған нәресте саны 2 263 (2 411) адамды құрап, 2014ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1% азайды. Осы кезеңде нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 2014 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 10,42 промилледен 9,77 промиллеге дейін төмендеді. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2015 ж. қаңтар-шілдеде 1 166 (1 319) нәресте қайтыс болды, бұл нәрестелер арасындағы өлімнің жалпы санының 51,5% (54,7%) құрады. Туа біткен ауытқулардан қайтыс болған нәрестелер саны 490 (481) немесе 21,7% (20,0%), тыныс органдары ауруларынан - 160 (184) немесе 7,1% (7,6%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 121 (111) немесе 5,3% (4,6%) адамды құрады.

Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2014 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,2% артып, 9 689 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 7,4% көбейіп, 15 615 адамды құрады, көші-қонның айырымы -5 926 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 86,4% және 90,1% құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 2014ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 27,1% көбейіп, 265 679 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 44,5% тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (25 229 адам), Астана (437 адам) қалаларында және Ақмола (1 694 адам), Қостанай (650 адам), Маңғыстау (595 адам), Атырау (21 адам) облыстарында қалыптасты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498