Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3578 0 пікір 8 Қыркүйек, 2015 сағат 09:37

ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛҒАН ӘЙЕЛ ДІН ЖОЛЫНДА БОЛҒАН

Алматыда жас келіншек 5-ші қабаттан екі баласын лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен. Жантүршігерлік оқиға таңғы мезетте, көпшіліктің көз алдында болған, - деп хабарлайды КТК арнасы. Сондай-ақ, арна тілшілерінің айтуынша бұл келіншектің күйеуі де, өзі де дін ұстанып, бес уақыт намаз оқыған көрінеді.

8 жастағы жеткіншек сол жерде жан тапсырса, келіншек пен 2 жастағы қызы шұғыл ауруханаға жеткізіліпті. Дәрігерлер екеуінің де жағдайын ауыр деп отыр. Әйелдің мұндай қадамға баруының себебі белгісіз. Тек әзірге анығы – оның жасы 33-те, есімі – Жадыра екен. Отбасымен қалада пәтер жалдап тұрыпты. Оқиға болған кезде отағасы жұмысқа кеткен деседі.

Ел жағасын ұстатқан бұл оқиға Сәтбаев пен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Терезе түбін жағалай көкөніс сатып тұрған сатушылардың көз алдында. 5-ші қабаттағы терезеден келіншек алдымен 8 жастағы, кейін 2 жастағы қызын күштеп шығарып, лақтырып жіберіпті.  

- Біз ойладық ана бала терезе алдында отырып құлап кетті ме деп. Қарасақ терезе ашық, екінші қыз, қасында мамасы. Ана қызды алды да мамасы лақтырып жіберді. Біз айқайлап үлгермедік. Жаңағы қыз өмір сүргісі келді. Терезеден ұстап, жібермей, жылап айқайлады. Анау пышақпен бір жеріне тиісті ме, шешесі алды да, артына итеріп жіберді, - дейді куәгерлер.    

Осыдан кейін әйелдің өзі де терезеден секіріп кеткен. Сөйтіп, үшеуі де бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына келіп құлапты. Тек 103 қызметі жеткенше баланың үлкені сол жерде жан тапсырса, кішісі мен келіншек аман қалған. Бірақ жарақаттары тым ауыр. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс те қозғалып отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

- Алдын-ала болжам жоқ. Өйткені тергеу енді ғана басталып отыр. Осы іске қатысты куәгерлерде сұрақ-жауап алу процесі жасалады. Күйеуі де бар, толық отбасы екен.

Бірақ қайғылы оқиға орын алған кезде отағасы жұмысқа шығып кетіпті. Ол Алматыдағы жаңадан ашылған мешітте қызметкер екен деген ақпарат бар. Келіншегі де 5 уақыт намазға жығылған адам болыпты. Есімі  – Жадыра, 33 жаста. Ал қыздарының аттары – Айша және Адия. Отбасы Алматыда пәтер жалдап тұрыпты.

КТК арнасы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394