Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2928 0 пікір 21 Мамыр, 2010 сағат 04:24

«Ақтабан - шұбырындыдан» асып түскен зұлмат

«Жақында Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясы Совет одағы республикаларында 30-шы жылдары болған жаппай аштық құрбандарын еске алу туралы резолюция қабылдады. Резолюцияда Қазақстан, Белорусия,  Молдавия,  Ресей және  Украина халқының жазықсыз миллиондаған адамы Совет өкіметінің қатыгез саясаты жасаған жаппай ашаршылықтың салдарынан көз жұмғаны айтылады»,- деді Премьер-министр  Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдаған Алдан Смайыл (суретте) 19 мамыр күні   Парламенті Мәжілісінің  жалпы отырысында.

«Еуропа кеңесі ашаршылық жылдарындағы Қазақстанға айрықша мән беріп, қырылған елдің миллиондап саналатынын, халқының көбінен айырылғанын атап көрсетеді. Ресей мен Украинаға да осы зұлматтың ауыр соққы болып тигеніне назар аударады.  Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясы аштық - Совет режимінің өз халқына қарсы жасаған қылмысы деп санайды.

Осындай оймен Сізге бір топ Мәжіліс депутаттары 2007 жылы екі рет сауал жолдағанбыз. Сол жылы қолдан ұйымдастырылған аштыққа 75 жыл толған болатын. Атамыз қазақтың  арғы-бергі тарихында бұрын-соңды дәл осындай нәубет болған емес, - деген едік сонда. - Көрген қорлық, шеккен азап пен қырылған халықтың көптігі жағынан атышулы «Ақтабан - шұбырындыдан» асып түскен зұлмат бұл.

Шетел зерттеушілері мен Алаш асылдарының тарихи еңбектерінде  аталған апат коммунистік режимнің қазақ халқына қасақана жасаған қатыгездігі  екені ашық айтылады. Бұған дәлел жеткілікті.

«История Казахстана. Народы и культуры» академиялық еңбегіне сүйенсек, Қазақстанда 1926 жылдан бастап көшпелі шаруашылықтарды  жою саясаты қарқынды жүргізілген.  Елдің мүмкіндігінен 17 есе артық жоспарланған егін және мал салығы ұлан даланы айтақырға айналдырды. 1928-1932 жылдардың ішінде  халықтан 6 миллион 509 мың ірі қара,             18 миллион 566 мың қой, 3 миллион 516 мың жылқы тартып алынып, жүген-құрығын ұстап қалған жұрт басы ауған жаққа шұбырды. Сүрінген жерінде үзілді, жығылған жерінде жан тапсырды. Аш өзегі азынамаған аймақ қалмады. Солтүстік Қазақстан өңірінде - 385 мыңнан астам, Батыс Қазақстан өңірінде - 395 мыңнан астам, Оңтүстік Қазақстан өңірінде -  618 мың, Орталық Қазақстанда - 30 мың адам қынадай қырылды.

Демограф ғалымдардың осы дерегі бойынша барлығы 1 миллион      800 мың жан көз жұмған.

Кейінгі зерттеулер бұл мәліметтің толық емес екендігін анықтап берді. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 1917 жылы: «Иншалла, 6 миллион қазақпыз» - деген сөзін еске алып, қазақ асылы  Мұстафа Шоқаевтің деректеріне жүгінсек, аштықтан көз жұмғандардың қатары 2 миллион        287 мыңға жетеді.

Кейбір тарихшылар қырылғандар бұдан да көп, 3 миллионнан асады деп дәлелдеуде. Адамзат тарихында бола қоймаған, ұсақ ұлттарға жасалған жауыздықтың удай шындығы, міне осындай. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Қазақ есімді тағдыры қиын елдің қанға боялған сол бір тарихи кезеңін ескерусіз қалдыру қоғамға да, заманға да, азаматқа да сын. Ресей федерациясы мен Украина бұл нәубетті мемлекеттік деңгейде атап өтті.

Біз аштықты саясиландыруға қарсымыз, алайда ендігі жерде үнсіз қалуға тиіс емеспіз. Дүниеден күңіреніп көшкен миллиондардың рухына жыл сайын тағзым ету үшін Еуропа кеңесі Парламенті ассамблеясы депутаттарының орынды пікіріне ден қойып, ашаршылық құрбандарын еске алатын ұлттық күнді белгілейік. 31-мамыр Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген. Сол күн «Жаппай қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні» деп қайта рәсімделсін.  Аштық жылдары ел тарихының тұтас кезеңі ретінде арнайы зерттелсін.

P.S. Алдан Смайылдың депутаттық сауалын қолдап Мәжілісі депутаттары Бекболат Тілеухан, Нұрлан Өнербай, Гүлнәр Сейітмағанбетовалар қол қойды.

Ақпарат ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметінен алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394