Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 7344 0 пікір 2 Қыркүйек, 2015 сағат 16:18

ТӨЛҚҰЖАТҚА ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛМАҚ

Қазақстанда төлқұжатқа ҚР Президентінің тәуелсіздік туралы сөзі енгізіледі. Дәл осындай норманы көздейтін заң жобасын бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі қарауына алды.

ҚР Парламенті Мәжілісіннің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашевтың айтуынша, бұл заң жобасы республиканың «жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңына толықтырулар енгізуді көздейді. Заң жобасының мақсаты – «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының негізгі нормалары мен құндылықтарын енгізу.

«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңға республика азаматтарының төлқұжатына  Тұңғыш Президенттің, Ұлт көшбасшысының тәуелсіздік туралы сөзін енгізу, сонымен қатар республика азаматының ҚР азаматтығына қабылдануына байланысты жеке куәлік алу кезінде міндетті түрде ант беру туралы өзгерістер  енгізіледі», – деді ол.

Заң жобасын отырысқа қатысқан 100 депутаттың барлығы қолдап, арнайы қаулы қабылданды.

Inform.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1139
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2668
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 786
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 756