Бейсенбі, 3 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4862 0 пікір 1 Қыркүйек, 2015 сағат 16:48

ҚАЗАҚ ПЕН ҚЫТАЙ БІРЛЕСІП ОТАНДЫҚ БРЭНД САНАЛАТЫН АВТОКӨЛІК ШЫҒАРМАҚ

Қазақстан Қытаймен бірлесіп автокөлік өндірісін жөнге келтіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Бұл туралы журналистерге ҚР Президентінің Қытайға ресми сапары барысында Allur Group басшысы Андрей Лаврентьев айтып берген.

"Бүгін бізде елеулі оқиға - ұлттық брэндті шығару бойынша ынтымақтастық жөнінде көптен күткен меморандумға қол қойылды. Біз бүгін қытайлық JAC Motors компаниясы және зор экспорттаушы, импорттаушы агенттік - SMS компаниясымен JAC брэндімен автокөлік өндіру туралы үш жақты меморандумға қол қойып қана қоймай, ұлттық брэндті жарыққа шығару туралы стратегиялық әріптестіктің басталғанын жарияладық", - деді Лаврентьев.

Сондай-ақ: "Біз бұл құзіретті, яғни инженерлік құрам мәселесін толықтай шешкеннен кейін, біртіндеп отандық брэндті шығаруға көшеміз", - деді Allur Group президенті.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 949
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 3292
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 2286