Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Елім-ай 6385 0 пікір 1 Қыркүйек, 2015 сағат 12:42

ЕЛБАСЫНЫҢ СӨЗІН КІМ ЖАЗЫП БЕРЕДІ ОСЫ?

Президенттің сөзін кім жазып береді екен осы? Тарихты білетін, қазақты танитын, сауатты ешкім қалмаған ба?

ҚР Ата заңының 20 жылдығына арналған жиында елбасымыздың дегені мынау: «Басқа елдермен  салыстырғанда соңғы 300 жылда қазақ жерінде демократия мәдениеті, саяси мәдениет деген ешқашан болмаған. Біздің өмірімізді  салыстырушы достарымызға азиялық қоғамның жүйесіне, тарихына, мәдениеті мен дәстүріне үңілсін деп кеңес беремін».

Жарылып кетсең де айтылған сөз осы. Өз басым, қазақ елінде дәстүрді сақтап, ұстанып жүрген, тамыры тереңде жатқан тарихымызға үңілген, ақтаңдақтарын ашуға сеп болған, мәдениетімізді асқақтатуға атсалысқан, елі үшін жанын қиған хандарын, батырларын, абыздарын, алашордашыларын, ғалымдарын, ақындары мен азаматтарын танытып, насихаттауға ынты-шынтысымен кіріскен тұлғаны  билік басынан көрген жоқпын. Көргім-ақ келеді, жоқ қой! Ана тілімізден жеріп, өзімізді өзіміз өзектен теуіп отырғанда,  «мәдениетіміз бен дәстүрімізді ұстанып келеміз»,-дегені қай сасқаны? Сөйте тұра бізде басқару мәдениеті болмаған дейді. Мәдениетсіз ел болсақ қалайша  ұстанып келеміз? Ұқпаймын. Мұны екі жақты саясат дейді. Ал енді осы айтылғандарға орыстілді қауымның жазған комментарилерін оқып көріңіздер:

Дұрыс. Тоқ етері - осы.

Қайтпаңыз.

Бәрінің аузына құм құйдыңыз.

Коррупциямен бір өзіңіз күресіп келесіз.

Сіздің аяғыңызды шалып отырғандар көп.

Бізде сайлау әділ өтеді, президентті, парламентті халық боп әділ жолмен

сайлағанбыз.

Демократияға ұрынған Грекия, Италия, Еуропа елдері пұшпаққа жетті ме?

Украина не болды, әне?

Демократияның бізге керегі жоқ. Әзірге керегі жоқ.

 

P.S. Осыдан кейін Жириновскийлерге ренжиміз-ау?..

Мәди МАНАТБЕК

ҚАЗАҚТА ДЕМОКРАТИЯ 300 ЖЫЛДАН БЕРІ БОЛМАҒАН ДЕГЕН СӨЗГЕ ЖАУАП

Тарихшылар көп жағдайда Сырым Датұлының батырлығы мен ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты іс-қимылдарына көбірек назар аударып, оның қазақ даласында жүргізген өзін-өзі басқаруға байланысты жаңашылдығын көлеңкеде қалдырып жүр. Ең алғашқы төменгі әкімшілік басқару құрылымы Париж коммунасы (1789-1794) деп саналып келсе, Сырым Датұлы одан төрт жыл бұрын қазақ даласында халықтың өзін өзі басқаруының негізін қалаған адам. Ең алғаш рет қазақ даласындағы хандық басқарудың орнына Кіші жүз аймағында халықтың өзін өзі басқару түрі - Халық жиналысын енгізіп, осы басқару түріне көшуге патшалық Ресейді көндіріп, отар болған қазақ даласында алғаш рет Ресей заңына емес, қазақ даласының ата-баба қалдырған ережелеріне бағынатын әкімшілік аймақ құрды. Осы заңның арқасында сол кездегі мылтықпен қаруланған орыс казактарының қазақ ауылдарына шабуыл жасап тонау мен малын айдап әкетуіне тосқауыл қойды. Қазақтар Жайық өзеніне жақындауға, жағалауына қоныстауға мүмкіндік алды.

Сағат Жүсіп 

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019