Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2745 0 пікір 21 Мамыр, 2010 сағат 13:31

Түркия - Қазақстанның қорғаныс саласындағы басымдықты әріптестерінің бірі – ҚР қорғаныс министрі

Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ - Түркия - Қазақстанның қорғаныс саласындағы басымдықты әріптестерінің бірі. Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков жұма күні Астанада Түркия Республикасы бас штабының бастығы, армия генералы Илькер Башбугпен кездесуде мәлім етті.

«Түркия - Қазақстанның қорғаныс саласындағы басымдықты әріптестерінің бірі», - деп атап өтті ведомство басшысы. «Түркияның қарулы күштерімен әскери ынтымақтастық жоғары деңгейде, сенімді және оң үрдісте даму үстінде», - деп мәлім еткен министрдің сөзін ҚР ҚМ баспасөз қызметі келтіріп отыр.

Әскери және әскери-техникалық саладағы екіжақты байланыстардың даму қарқынына қанағаттанарлық сезім білдірген тараптар бүгінгі күні екі елдің қатынастары тұрақты және сенімді әріптестік мәніне ие болғанын жеткізді.

Қарулы күштердің өзара ықпалдастығының негізгі бағыттары - қазақстандық әскери қызметкерлердің Түркияның әскери-оқу орындарында білім алуы, арнайы мақсаттағы қазақстандық бөлімшелерді жаттықтыру және жабдықтау, Қазақстан қарулы күштерін реформалау процесіне қолдау көрсету.

Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі ҚР ҚК арнайы мақсаттағы бөлімшелерін жаттықтыру және жабдықтау болып табылады. Қазақстандық әскери қызметкерлерді дайындау түркиялық нұсқаушылардың қатысуымен Қазақстан Республикасының аумағында және Түркия Республикасының аумағында оқу процесін ұйымдастыру арқылы өтеді, делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Ведомствоның хабарлауынша, бүгінгі күні түркиялық инструкторлар «Командос», «Арнайы жасақ», «Снайперлерді дайындау» және «Ішкі қауіпсіздік» бағдарламалары бойынша 500-ден аса қазақстандық жауынгерді дайындап шығарды. 2007 жылдан бері түркиялық нұсқаушылар аэроұтқыр әскерлердің арнайы бөлімшелерін «Командос» курсы бойынша оқыта бастады, оны 400 әскери қызметкер табысты аяқтады.

Кездесу барысында Ә.Жақсыбеков қазақстандық курсанттарды Түркияның әскери оқу орындарында оқыту мүмкіндігі үшін шетелдік қонаққа алғыс білдірді. Келіссөз соңында екі жақ бүгінгі кездесу екі ел қорғаныс ведомстволарының арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін береді деген сенім білдірді.

Осы күні Түркияның әскери делегациясы және қазақстандық әскерилер қазіргі түрік мемлекетінің негізін қалаушы Мұстафа Ататүрікке құрмет көрсетіп, Астанада жақында ашылған оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394