Б. БАЙБЕКТІҢ ЖАҢА ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖҰРТ НЕ ДЕП ЖАТЫР?
Алматы қаласын 7 жыл 4 ай басқарған Есімовті Бауыржан Байбек ауыстырды. Есімов «ЕКСПО-ға» кетті. Байбектен бос қалған «Нұр Отан» партиясы басшысы орынтағына ОҚО-нің әкімі Асқар Мырзахметов келді. Бұл туралы бұған дейін де хабарлаған болатынбыз.
Бауыржан Кыдырғалиұлы бұдан бұрын «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ол 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында туған.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша Гете институттын (Бремен қаласы, 1995) «Неміс тілі»; «Болашақ» бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог; Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген.
1999 жылдан – Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті, атташесі – ГФР-дағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы). 2002 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы. 2003 жылдан – ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі, 2004 жылдан – бас инспекторы, 2006 жылдан – Хаттама жетекшісі.
Қыдырғалиұлы 2009 жылдың тамыз айынан бері – ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары. 2013 жылдың 1 қаңтарынан – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.
ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің (2008 жылдан); Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) төрағасы. С. Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) мүшесі.
Қырықтың қырқасына жаңа келген Бауыржан Байбектің Алматыға әкім болуын қоағм қалай қабылдады? Әлеуметтік желідегі жазбаларға назар салайық:
Кешегі журналист, бүгінде ШҚО, Үржар аудының әкімшілігіндегі мемлекеттік қызметкер, Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ерболат Мұхамеджан:
«Жас келсе іске!
Менің ойымша Алматы көп күтті жаңа әкімді. Тіпті бірнеше рет ренжіп те үлгерді, «қашан маған жаңа әкім келеді?» деп.
Лайықты азамат. Бауыржан Байбек жан-жағымен тез тіл табыса білетін саясаткер әрі мемлекеттік қызметкер.
Ашық, мемлекетшіл, ұлтжанды (соңғы жылдары тек мемлекеттік тілде сөйлеп жүргенін байқаймыз) әрі демократиялық көзқарасы жоғары. Бір байқағаным, халықпен, соның ішінде жастармен кездесуден ешқашан қашпайды.
Қысқасы, "Алматы, әкімдеріңіз құтты, әрі қайырлы болсын!"», - деп жазды Facebook-тегі постына.
Ал, осы әлеуметтік желіде Байбек туралы бірер ай бұрын «"Нұр Отандықтар" жасандылықтың шырмауынын ешқашан шыға алмас деп ойлайтынмын.
Алғашқы қадамдарын әжуаға айналдырсақ та бірінші орынбасардың жасап жатқан тірлігі сенім шақыра бастады.
"Барды бар деу керек шығар?!"
Бауыржан Байбек секілді ниеті түзу азаматтардың билікте көп болғанын тілеймін!», - деп пост жазған белгілі журналист Серік Абас-шах, өз постына:«Алдын ала сәуегейлік жасап жатырмыз. Жауға аттанса жас балаға бата береді, жолға шықса жат адамға да ақ жол тілейді. Бауыржанның жаңа қызметіне жақсы тілек білдірейік», - деп пікір жазды.
Алматының экс-әкімі былтырғы жылы Астанаға келіп есеп бергенде «Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл қоймауының себебін сұраған» Гүлбану Аниятқызы болса, өз постында «Жастығына қарамастан, тып-тыныш журіп біраз қызмет атқарған, «Нұр Отанға кілең жастарды жинап, халықтық демократиялық сөзін кестіріп, жай ғана Нұр Отан жасаған, сатылап осіп келе жатқан Бауыржан Байбек Алматыға да жаксы өзгерістер әкелсін! Бауыржан Байбекке жұмысы оң болсын деп тілейік!», -деп өз пікірін жазды.
Ал, ақын Ақберен Елгезек:
«Қалада өскен бала шаһар проблемаларын әдетте жақсы біледі. Оның үстіне "Алматым мындай болса, шіркін!" - деген туып-ержеткен мекеніне қатысты армандары да бар шығар. Жас емес, нағыз жұмыс істейтін кезі. Сынауға әлі ерте. Атқарар қызметі ең бастысы алматылықтарға, содан кейін өзіне қайырлы һәм баянды болсын. Кімнің класстасының ұлы болса да, қазақтың баласы ғой. Өзі де біраз нәрсеге көз жеткізіп, әккі бола бастаған шығар қазір...
Оңтүстік астанамызға ат басын бұрған Бауыржан Байбек мырзаның жаңа қызметіне табыс тілейміз. "Нұр Отан" партиясының төраға орынбасары болып, Елбасының үмітін ақтай білді деп есептеймін. Осы жұмысында жүріп, өзінің қарапайымдылығымен, жаңашыл бастамасымен көзге түскен болатын. Жайдарман ойындарына да үлкен қолдау көрсетті. Енді еліміздің ең үлкен шаһарын одан әрмен көркейте түсуіне үлкен үлес қосарына сеніміміз мол!», - деп тілегімен қоса сенімін білдірді.
Бауыржан Байбек партияда қызметте болғанда жастар арасындағы "Жайдарман" ойындарында партияның "Жас Отан" жастар қанаты үлкен қолдау білдірген еді. Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен де Байбектің жаңа қызметі турасында: "Оңтүстік астанамызға ат басын бұрған Бауыржан Байбек мырзаның жаңа қызметіне табыс тілейміз. "Нұр Отан" партиясының төраға орынбасары болып, Елбасының үмітін ақтай білді деп есептеймін. Осы жұмысында жүріп, өзінің қарапайымдылығымен, жаңашыл бастамасымен көзге түскен болатын. Жайдарман ойындарына да үлкен қолдау көрсетті. Енді еліміздің ең үлкен шаһарын одан әрмен көркейте түсуіне үлкен үлес қосарына сеніміміз мол!", - деп жазды әлеуметтік желіде.
Біз болсақ жаңа әкім халықтың алғысына бөленіп, ыстық ықыласына көмілетін қызмет атқарсын деп тілейміз.
Abai.kz